Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Көркем шығармадағы эпизодқа анализ жасау үшін көркем шығарманы талдаудың барлық аспектілерін қамтыған жөн.:

  • Көркем шығармадағы эпизод шекарасын анықтап, тақырып беру
  • Эпизодқа негіз болған оқиғаны сипаттау
  • Эпизодтағы негізгі кейіпкерлерді атай отырып
    • Олар кім?
    • Персонаждар жүйесіндегі орны қандай? (басты кейіпкер, негізгі кейіпкерлер, қосалқы кейіпкер, оқиғадан тыс кіріккен бейтаныс кейіпкер)
  • Эпизодтың басталуындағы ерекшеліктерді табу (сол сияқты аяқталуында қандай ерекшелік бар?). Несімен ерекше?
  • Автордың көтерген проблемасын, ортаға тастаған сұрағын табу
    • Эпизод-диалог арқылы, эпизод-монолог арқылы көрсету
  • Эпизод негізінде жатқан қарама-қайшылықты анықтау және сараптау
  • Эпизодқа қатысушы кейіпкерлерді сипаттау:
    • Оқиғаға қатысын;
    • Мәселеге деген көзқарасын;
    • Басқа кейіпкерлермен қатынасы;
    • Эпизодқа қатысушылар диалогына анализ жасау
    • Кейіпкерлер сөзіне, мимикасына, іс-әрекетіне деген автор көзқарасын талдау;
    • Автор көзқарасы немесе оқырман көзқарасы бойынша персонаждар іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді, себептерін анықтау;
  • Эпизод құрылымын сипаттау, қысқаша сюжеттік талдау жасау (байланысы, дамуы, шешімі)
  • Көркемді тәсілдерін анықтау, мағынасын ашу
  • портрет, пейзаж, интерьерді суреттеу сияқты көркемдік тәсілдерді табу, эпизодтағы орны мен мәнін айқындау;
  • Оқиғаға деген автор көзқарасын анықтау; көтерілген мәселеге деген автор көзқарасы, пікірі, автордың берген бағасы

Эпизодтың сюжеттік, образдық және идеялық байланысын талда және шығарма құрылымының түрлі элементтерін қамти отырып талда. (автор сөзі, пролог, эпилог, арнау, эпиграф, кіріктірілген фрагменттер)

[attachment=27661:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу