Абай жетінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


3- тапсырма

Ақынның бірінші қарасөзіндегі «Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?» деген пікірін қазіргі кездегі діни экстремизммен байланыстыруға бола ма?

Ортаға әр топтан екі оқушы щақырып, әр түрлі позицияда дәлел сөйлеп келтіруге дағдыландыру. Оқушылар көбінесе қате, келіспеймін деп екенін айта алғанымен, пікірін қорғайтын позицияны ұстай алмауы мүмкін. Оқушының мәселені екі жақты қарастыра алуы маңызды, сондықтан тапсырманы жұпта орындатқан кезде, төмендегі тәсілді қолданудың берері мол. Төмендегі схемада көрсетілгендей, 1-оқушы өз пікірін мәлімдеп айтады. Мысалы: Дінмен айналысуға білімің жетпесе, айналыспау керек. Өзің білмеген нәрсе елдің тынышын кетіреді. 2-оқушы жұбына сұрақ қояды. Мысалы: Неліктен олай ойлайсың? 1-оқушы ойын дәлелдеп айтады. 2-оқушы 1-оқушының пікіріне қарсы шығады. Мысалы:Дінмен айналысу арқылы елді тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеуге болады 1-оқушы өз пікіріне өмірден мысал келтіріп, қазіргі діни экстремистер бейбіт елдің тынышын алып, адам көп жиналғанжерлерді жарып жіберіп жатқанын тілге тиек етеді. 2- оқушы қарасөзге сүйене отырып немесе өзінің жеке қорытындысына сүйене отырып 1-оқушы пікірін жоққа шығарады. Екеуі де ұстанған позициясы бойынша қорытынды жасайды.

Бұндай талдау оқушының ойын жүйелейді, пікірін дәлелді айтуға бағыттайды.

[attachment=27551:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_9-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу