«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушаларға арналған тапсырма
Ертегідегі бір эпизодты таңдай отырып, сол жердегі оқиға орнын сипаттап жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төмендегі тәсілдердің бірін таңдап, сабаққа пайдалануға болады:
І. «КІРПІШ» СТРАТЕГИЯСЫ.
5-7 мин. А4 парағына кірпіштердің суреттерін салады. Салған суретіне, яғни кірпіштердің ішіне жазады. Жекелеп отырып берілген сұрақтарға жауап береді. Жұппен жұмыс. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтың ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтаға іледі. Және түсіндіреді.
ІІ. «РӨЛДІК ОЙЫНДАР».
Мәтіндер таратылып, ондағы жағдаятты немесе көтерілген мәселені рөлдік ойындар арқылы көрсету көзделеді. Сыныпты екі топқа не үш топқа бөліп, рөлдік ойындар беріңіз. Рөлдік ойындар екі бөлімнен немесе 2 дубльдан тұрсын. 1-бөлімде жалпы мәтіндегі жағдаятты не мәселені көрсетсін. 2-дубльда сол мәтінде көрсетілген жағдаятты не мәселені шешу жолдарын ұсыну.
ІІІ. ГЛОБУСТЫ ШАР.
Глобусты шарды оқушылар бір-біріне лақтырады. Мәселен, белгілі бір мемлекет туралы не білетінін айтады. Болашақта ол ел туралы не білгісі келетінін айтады. Қызығушылықты таныту, оқушының өз-өзіне сенімділігін дамытады.
ІҮ. Топтар флипчарт бетіне 1 ғана түстен тұратын маркермен жазады не сурет салады. Әртүрлі сұрақтар беріледі. Сұрақтар деңгей-деңгейімен беріліп отыру керек. Әр сұраққа жауап бергенде уақыт беріледі. Әр сұраққа жауап бергенде топтар ауысып отырады.
Мысалы, 1) Қандай мәселе туындады?; 2) Туындаған мәселені қалай шешеміз?; 3) Қалай қолданамыз? 4) Ең маңыздысын теріп жазамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?