Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 2нұсқа.


- Суретте қандай демалыс орындары бейнеленген?

- Oлap Қaзaқстaнның қaй бөлiгiндe opнaлaсқaн?

- Бұл жepлep нeсiмeн epeкшeлeнeдi?

Cабақтың тақырыбы:

Туризм: экотуризм

Сабақтың мақсаты:

Тақырып бойынша ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау, мәтінде тыныс белгілерін қолдану.

Бағалау критерийі

ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін біледі;

жанрлық ерекшеліктерін талдайды;

мәтінде тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

1-тапсырма. Мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне тоқтал.

2-тапсырма. Мәтін үзіндісіндегі тыныс белгілерінің

қолданысын түсіндір.

Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан.

2-тапсырма. Мәтін үзіндісіндегі тыныс белгілерінің қолданысын түсіндіріңіз.

Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфрақұрылым кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.

Дескриптор:

Мәтіннің стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне талдап жазады;

Тыныс белгілерінің қолданысын талдай алады.

Тыныс белгілерін сауатты қолдана отырып, «Мен тұратын қала маңындағы демалыс орындары» тақырыбында шағын баяндама әзірлейді.

Дескриптор:

Баяндама мәтінін талапқа сай ресімдейді;

Ойын жүйелі жеткізеді;

Тыныс белгілерін сауатты қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу