Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1)

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

Сабақтың мақсаттары

Стильдік ерекшеліктерін ескере отырып жазу дағдысын дамытады. Оқырманды қызықтыру үшін ерекше тәсілдемені қолданады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Берілген суреттерге сүйене отырып, топта талқылау жасайды.

Оқушылардың көбісі:

Интервьюдің жазылу жолы, стильдік ерекшеліктерін саралай алады. Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдей біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Интервьюдің құрылымын сақтап, ерекше тәсілдемені қолданып жаза алады. Жұмыстың ұтымды тұстары мен сәтсіз тұстарын анықтай алады.

Бағалау критерийлері

  • Жанрға сай жазу дағдысын дамытады.
  • Тақырыптан ауытқымай, нақты ашып жазады.
  • Суреттегі сюжетке сәйкес құрылымын қатаң сақтайды.
  • Сөз көлемін сақтап, ойын сауатты, орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: экономика, ынтымақтастық, одақ, интеграция, бірігу, мәселелерді ортақ шешу, бірлік, татулық, қарым-қатынас, байланыс, даму, қажеттілік, т.с.с.

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша...

Бір жағынан...

Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жауапкершілік (жұптың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр жұптың, әр оқушының ойына, пікіріне құрметпен қарауы, елге, жерге, Отанға деген құрмет).

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер, қажетті құралдар

Сабақтың басы

1 минут

1 минут

4 минут

2 минут

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Қызығушылықты ояту: жұпқа бөлу

Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы аттары жазылған таяқшалар бойынша екі оқушыдан жұптасады.

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру

Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасауда қолданылатын морфологиялық деңгейдегі тілдік бірліктердің (зат есімнің реңк мәнін тудырушы жұрнақтар, сын есім шырайлары, сан есім түрлері, есімдік түрлері, етістік шақтары/райлары) анықтамасы мен олардың қолданылу мақсатын қарастыру, жазып келгендерін тексеру.

Бағалау критерийі:

  • Морфология саласын және оның қарастыратын тілдік бірліктердің анықтамасын талдай алады.
  • Мәтінде олардың қолданылу мақсатын ажырата алады.

Ү. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау:

  •  Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
  •  Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық?
  •  Өткен сабақтан не түйдік?
  •  Жаңа сабақ мақсатын талдап, айқындайды.

аттары жазылған таяқшалар

презентация

Сабақтың ортасы

6 минут

(3 минут

3 минут)

14 минут

5 минут

2 минут

2 минут

Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі:

1-қадам. Жазылым алдындағы тапсырма C/Ж

  •  Оқушылар интнрвью жазу дескрипторын еске түсіріп, сыныпта талдайды.

Сұхбат алу қағидалары

1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!

2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма!

3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе!

4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?

5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс!

6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі бірер қате азаяды!

7. Ақпарат көздеріне оқтын оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады, бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа!

8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың!

9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпа! Бізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады.Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол!

  • Оқушыларға сюжеттік желісі бар суреттер тізбегі ұсынылады. Сурет арқылы берілген ойды талдайды.
  • Сол арқылы Жазылым жұмысына дайындық жасайды.

Бағалау критерийі:

  • Жұпта әңгіме жазу дескрипторын, сурет арқылы ұсынылған ойды талдайды.
  • Өз ойларын жүйелі жеткізеді.

2-қадам. Жазылым тапсырмасы Ж

Оқушылар ұсынылған суреттегі сюжетке сәйкес, тақырып пен идеяны аша отырып, интервью мітінін құрайды.

ИНТЕРВЬЮ ЖАЗУ ТАПСЫРМАСЫ

Бағалау критерийі:

  • Интервьюдің стильдік ерекшелігін ескеріп жазады.
  • Тақырыпты аша алады.
  • Ойын сабақтастыра байланыстырып, дамыта алады..

 

3-қадам. Жазылымнан кейінгі тапсырма С/Ж

  • Жұпта өзара дәптерлерін алмастырып, Бағалау критерийіне сай жазғандарын өзара тексереді.
  • Әр оқушы жұбының жұмысына «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.
  • Үздік деп бағаланған 2-3 жазба жұмысы сыныпта оқылып, сыныпта талданады.

Бағалау критерийі:

  • Бағалау критерийіне сай жұмысты әділ бағалайды.
  • Өзге оқушының жұмысымен танысып, екі артықшылығы мен бір дамытуды қажет тұсын анықтай алады.

 

 4-қадам. Бағалау Ж/Ж

 Әр оқушының жұмыстары жетістік критерийлеріне сай өзара жұпта бағаланады, жұмысқа кері байланыс беріледі.

5-қадам. Қорытынды

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Сабақта ... ескерілсе екен.

Жаңа сабақ ... өтті.

 

6-қадам. Үй тапсырмасы

«Бірлік, татулық, мейірім, қайырымдылық» тақырыптарына 5 мақал, 2 дәйексөз қарастырып, жаттап келу.

Бағалау критерийі:

  • Тақырыпқа сәйкес анықтай алады.
  • Мақал мен дәйексөзді жатқа айта алады.

презентация

әңгіме жазу дескрипторы

суреттер тізбегі

презентация

презентация

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Алдағы сабақтарда маған қажет 2 аспект;
  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ не ұсыныс.

презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциалау

Бағалау

Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер:

презентация, мәтін сілтемесі

Қабілеттері жоғары оқушы үшін сыныптастарын үйрету және қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін қабілеттері аралас жұптар құру.

Оқушылар, жұптар бір-біріне кері байланыстар береді.

Бұл сабақта НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Оқушылар сыныптасын және өзін-өзі бағалау үшін бірге жұмыс жасайды.

Жұптың әр мүшесі тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды.

Оқушылар әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарайды, қазақ тіліне, алаш арыстарының қанатты сөздеріне құрмет білдіреді.

Тақырыпқа сай тарих пәнімен пәнаралық байланыс болады.

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу