Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшелік. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: Нұр-Сұлтан ФМБ НЗМ

Күні:

Сыныбы: 11Т1

Мұғалімнің аты-жөні: Уристимова Б.К.

(оқыту қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған

дар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;

Сабақтың мақсаттары

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды
  • Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай аннотация жазады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша.....Мен мұны былай дәлелдеймін....Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......Мынадай қорытынды шешімге келдім.......

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5-6 минут

Қызығушылықты ояту:

  • Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни, бұл стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.
  • Бұл стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
  • Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді.
  • Бұл стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

Бұл қай стиль? (ғылыми стиль).

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, күтілетін нәтижеге болжам жасау.

Сабақтың ортасы

Туралы оқып, танысыфңыздар

Аннотация мәтінінен бұрын жалпы ақпарат(автордың аты-жөні, мәтін атауы, басылым орны мен мерзімі) беріледі. Бұл ақпараттарды аннотацияның бірінші бөлігіне де қосуға болады.

Аннотация екі бөліктен тұрады: біріншісінде мәтіннің тақырыбы туралы айтылса, екінші бөлігінде мәтіннің негізгі аспектілері туралы сөз қозғалады.

Аннотация жазуда келесі құрылымдарды, тірек сөздерді қолдануға болады:

Мәтінде (не?) зерттеледі.

(Не?) көрініс тапқан.

Мәтінде маңызды мәселе ретінде (неге?) көңіл бөлінген.

Мәтінде (неге?) мінездеме берілген.

Зерттеу келесі мәселелерді қарастыру арқылы жүзеге асқан: …

Мәтінде (неге?) анализ жүргізілген.

Негізгі назар (неге?) аударылған.

(Нені?) қолдана отырып, автор (не?) туралы ақпарат береді.

(Нені?) басты назарға алады.

Мәтінде (не?) туралы ақпарат берілген.

(Не?) туралы сипаттама берілген.

Келесі сұрақтарға назар аударылған:…

Мәтінде (неге?) анализ жүргізе отырып, (не?) көрсетілген.

(Қандай?) фактілер көрсетілген.

(Қандай?) қорытындыға келген.

ЖЖ.

Тапсырма: Мәтінді жұпта түсініп оқып, мәтіннің стиліне талдау жасаңыздар

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.

Жазушылардың, лекторлардың үгітшілердің шеберліктерін, жалпы тіл мәдениетін жетілдіру үшін ежелгі шешендік сөздерді оқып үйренудің мәні зор, өйткені халық даналығы: мақал, мәтел, нақыл сияқты ойды кеңейтіп, тілді байытатын шешендік сөз нұсқалары көп.

Әдетте шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды, сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді манызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар — форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. II. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Келдібекұлы (1667- 1764) және Әйтеке Бәйбеқұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.

Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы калпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы, ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше үрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.

Жазылым тапсырмасы

Ж. Мәтінге аннотация жазыңыз.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

  • Жұпта алмастырып оқыңыз және түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
  • Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

1

Мәтінді түсініп оқиды

2

2

Мәтіннің стильін анықтайды

2

3

Жұпта өз ойларын айтады

2

4

Аннотацияны жазады

2

5

Бір-бірінің жазылымын тексеріп, редакциялайды

2

Оқушылар дескрипторға сәйкес бір-бірін бағалайды

https://www.google.com/search?q

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Оқушы өзіне береді

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу