Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Сабақ жоспары №5

Күні:

Тақырыбы: Сөз мәдениеті және шешендік өнер

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Ж6. Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу

 Сабақ мақсаттары

Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолдану арқылы шығармашылық жұмыстар ұсыну.

 Бағалау критерийі

Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: стиль, жанр ерекшелігі, өлең, ұйқас, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сөз өнерін дәріптеу

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта оқушылар «Қаз дауысты Қазыбек би»

мәтінін талдап, өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. Сонымен қатар оқушылар қазақтың шешендік өнері жайлы зерттеулер жүргізді.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл : «Сөз бұлты»

Оқушылар «Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.

Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.

Слайд

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар

Ортасы

Қадамдық тапсырмалар

1-тапсырма :«Кубизм» стратегиясы

1.Суреттеңіз : кубиктің осы беті түскен сәтте «Шешендік сөз – өнер падишасы» тірек – сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.

2. Салыстырыңыз: Шешендік сөзбен шешендік өнерді салыстыра қарастыру .

3.Зерттеңіз: тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Зерттеушілер тобынан төмендегі сұрақтар қойылады.

1.Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

2. «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалдың мәнін қалай түсінесің?

3.Шешеннің жүйрік ой – толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме?

4.Қолданыңыз

Тірек – сызба негізін әдебиет теориясымен байланысты талдайды.

Қынаптан суырылған қылыштай өткір

А: Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,

Білімсіз надан нені көріп,нені сезеді?

Ш: Көз – шынның ұрасы,

Құлақ – өтіріктің ұясы (Ақтайлақ би )

Соқырға таяқ ұстатқандай анық

М: Әйел – үйдегі ырысың,

Ұл – айбарлы қылышың,

Қыз – түздегі өрісің,

Келін – кеңейген тынысың. (Ескелді би )

Көңілге медет болатындай терең мағыналы

С\п: Кісі болар кісіні кескінінен танимын,

Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын,

Ақын болар жігітті пейілінен танимын,

Іші сұйық әйелді күлісінен танимын. (Бапан би)

Шартты белгілер:

А – антоним сөздер

Ш – шендестіру

М – метафора

С\п – синтаксистік параллелизм

5.Талдаңыз: Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, «сөз саптау» үлгілеріне талдау жасайды. Шешендік өнерді зерттеген М.Әуезовтің «Бас мінесу» деп атаған айтыс – тартыстың сөз саптауындағы үлгісінен мысалдар келтіреді. Өзіндік пікір қорытады.

6.Қолдаңыз не қарсы шығыңыз : Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі

1.Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?

2.Шешен нені біліп, неден сақтануы керек?

2. «Ұшқыр қалам»

Сынып оқушылары қадамдық тапсырмаларды орындап болғаннан кейін екі топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері бес жолды өлең , екінші топ мүшелері өздері қалаған бір шешен-биге хат жазады.

1- топ: бес жолдан тұратын қорытындылау өлеңін жазу : 1. Зат есім: Шешен 2.Сын есім: Шешендік сөз 3.Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі. 4.Шешендік сөз – ұлттық өнер 5.Шешендік сөз – ұлттық өнер падишасы .

2-топ: Суреттегі билердің бірін таңдап, бүгінгі заман жастары атынан шешен-биге хат жазу.

Соңы

Бағалау. Шығармашылық топ бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолдана біледі.

  • Тірек сөздерді қолданып өлең жазады.
  • Стильдік ерекшелікті сақтап хат жазады.

Кері байланыс: БББ

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Абай шешендігі

Шешендік өнердің тарихында «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін ондай сала алмаған» Абайдың орны ерекше. Абай – жағдайының жағдайсыздығы тудырған, басып тұрған қараңғылық ішінен келер таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған тымырсықта келер дауылдың дауылпызы болып күңіренген адам. Абайдың ерекшелігі – айтайын деген ойына қатысы, байланысы жоқ, не болмаса буын санын толтыру үшін қолданылатын артық сөз не сөйлемнің Абай өлеңдерінде кездеспеуі. Абайша жалпы адамзаттық мәселелерді сөз ету, пікірін мазмұнмен сезімге құру, мазмұн анықтығы мен сөз дәлдігін берік ұстау – шешендіктану ғылымында қойылатын басты шарттар. Абай өлеңде болсын, қара сөзде болсын, басы артық бір сөз тұрмай, «айналасы теп – тегіс жұмыр келу» шартын қатаң сақтау арқылы қазақ шешендігін бұрын соңды болып кормеген сатыға көтерді. Абайдың сөздері, Ілияс айтқандай, «қиюынан қыл өтпейтін» нығыз болып, мағына мен сезімге толы болады. Абай «ескі бидің сөз қосарлап мақалдайтындығын» сынаса да, өзі де осы даналық сөздерді пайдаланбай қалған жоқ. Мақал – мәтелдерді қосып сөйлеу ойлы, шешен сөйлеудің амалы екендігін түсінген Абай өлеңдері мен қара сөздерінде қазақтың елу үш мақал, мәтелін пайдаланды. Әсіресе, Абайдың қара сөздерінде «Би екеу болсаң, Манартауға симассың, бас алқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің», «Өзін ар тұтқан жаттан зар тұтады», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» мақалдар өзгеріссіз өз мағынасында қолданылған. Абай әр мақалды бұрынғының шешендері сияқты айтайын деген пікіріне дәлел ретінде қолданған. Г.Қосымова өз еңбегінде «Абайдың қара сөздері – стиль, мазмұн, сөз саптау жағынан әлдеқайда байы,ан, жетілген, жоғары сатыға көтерілген шешендік сөз», - деп атап тоқталған.

М.Әуезов шешендігі

Заманымыздың заңғар жазушысы, ғұлама ғалымы, көркем сөздің киелі иесі М.Әуезов қандай ғылыми тақырыпқа қалам тартса да, жазушылық шеберлікпен толғады. Мысалы, қазақ әдебиеті тілі туралы айтқан ғылыми пікірінде М.Әуезов: «…Абай өзіндік көркем шығармаларын жазғанда, халқының өз тілімен жазды. Бар қасиетті, қадірлі нәрді, ажар кестені, толық сыпатты өз халқының тілінен табады. Бұл Абайдың өзгешелік, ірілік, классиктік сыпаты еді», - деп ойлы сөздерімен тоқталған. М.Әуезовтің лекция оқу шеберлігін сөз еткен ғалымдар оның шешендігін тамсана айтқан еді. М.Әуезовтің өз сөзімен айтсақ, «бүркітке тән талмайтын, самғайтын қанаты болған» М.Әуезов ғылым – білім мазмұнында лекция оқып тұрып шәкірттерін ләззатқа бөлеген. Қазақтың мемлекеттік университетінде М.Әуезовтен лекция тыңдаған З.Қабдолов «Мұхаңдай шешен адамды өз басым ғұмырымда көріп – білген емеспін. Мінбеде не кафедрада күркіреген өзенше тасып, яки толассыз сіркіреген ақ жаңбырша төгіліп тұрушы еді. Және бір кереметі – Мұхаңды енжар тыңдау мүлде мүмкін емес. Өйткені ол жазғанда ғана емес, ауызекі сөйлеген сөзде де ғаламат суреткер болатын. Алысқа шабатын жүйрік алдымен біраз кібіртіктеп барып көсіледі деседі ғой. Сол секілді, Мұхаң да басында біраз барлау жасағандай немесе неден бастауды ойлағандай, қайта – қайта іркіле беріп, тамағын кенеп, үзік – создықтау тұратын да бірер минуттан кейін нөсерлете жөнелетін. О, енді бітті! Енді сіз уақыттың откенін білмей қаласыз, шешеннің ой ағымымен жер – дүниені шарлап кете барасыз.. Шешендік шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туатын нәрсе! Мұхаңның шешендігі ғұлама ғалымдығында жатыр» деп тамсанған.

Махамбет шешендігі

Қазақ қоғамы үшін орны бөлек, еңбегі ерен, өмірі мен талантын халық үшін аянбай жұмсаған жауынгер ақын – Махамбет. М.Мағауин сөзімен айтқанда, Махамбеттің жауынгерлік қабілеті де, ақындық таланты да көтеріліс қызметіне жұмсалды. Махамбет әдебиет тарихында жырлау емес, ақын деген атпен танылды, сонда да ол жыраулық мектептен қол үзген жоқ. Жыраулар тіліндегі әсері күшті амал – тәсілдерді молынан пайдаланды. Оның себебі де жоқ емес еді: шешендікті мұрат еткен айтылар сөзді санаға сақ еткізіп, жүрекке жеткізер, жұрттың делебесін қоздырып, қанын қыздырар, айтушы мен тыңдаушысын бірдей толғанысқа түсірер толғаудың қуатын жақсы түсінді. Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку – еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей… деп үзілмей, ұзақ тынысқа негізделген толғаныстың кімді де болса бей - жай қалдырмайтыны сөзсіз. Махамбеттің өмірді терең, жан – жақты білуімен қоса, көне түркі тілдерін жетік меңгерген білгірлігінен туындаған. Махамбет - жай ақын емес, әлеумет жүгін көтерген шешен ақын. Қашанда халық қасынан табылып, көпшілік мүддесіне қызмет еткен шешен билер, жыраулар сияқты Махамбет те ұшқыр ой, шешен тілдің, халқын сүйген ұлы жүректің арқасында халық қамқоршысы, үгіт –насихатшысы.

Кекілбаев шешендігі

Қазақстанның халық жазушысы, «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» деп азаттықтың ақ таңын талмай насихаттап келе жатқан күрескер қаламгер, халық қалаулысы, бұрынғылардың сөзімен айтсақ, төбе би Әбіш Кекілбайұлын айтамыз. Әбіш Кекілбайұлының өзі айтқандай, оған тағдыр мен тарих қоғам мен ұлт өміріндегі ең бір шешуші оқиғалардың ортасында жүруге бұйырды. Ол – қазақ елінің бостандыққа ұмтылған әрекеттеріне дем беріп, азаттықа қолы жеткен алғашқы күннен бастап Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерісіп, егемен еліміздің саяси өмірі мен қоғамдық тұрмыс тіршілігіне асқан қажырлылықпен араласып, оң бағыт – бағдар беріп келе жатқан данагөйіміз. Не туралы жазса да, кім туралы толғанса да кемеңгер тұлға халықтық мәселелерге соқпай кете алмайды. Жанамалап болсын, сөз арасында болсын жазушы әлеуметтік мәселерді асқан білгірлікпен талдап, ақыл – кеңесін аяған жері жоқ. Әрі кеменгер ұстаз жұмған жұдырықтай тас түйін бірлікке шақырады. Ел бірлігін, халқын сүйген отаншыл талай ойшылдардың күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған мазасыз мәселесі болмап па еді? Тек ынтымағы, бірлігі бар ел ғана елдігін сақтай алады деп Ер Күлтегін де, дана Баласағұн да, хан Тәуке де ер Абылай да, Бұқар жырау да, Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды билер де, ұлы Абайда осыны айтып шырқырамап па еді? Бүгінгі күні де тәуелсіз қазақ елі ел болып қалу үшін ең қажетті болып отырған әлеуметтік үлкен мәселенің бірі – Елбасының айналасына топталған ытымақ, халықтың бірлігі керек екенін жақсы түсінген. Осылайша көргені көп, тоқығаны, түйгені мол кеңесші өмір құбылыстарына іштей бойлап, заман жайын тереңдей зерттеп, бүгінгілерге өнеге боларлық толғамдар айтып отыр, тек мұны тыңдайтын құлақ, түсінетін сана болғай!

Саясат шешендігі

Бүгінгі күндерде тәуелсіз жаңа қоғамның, жаңа саясаттың мәселелерін түсіндіруде, халықтың жаншылып қалған ой – санасын оятуда бұл аталған шешендіктің мәні үлкен. Әлеуметтік – саяси мазмұнды шешендік сөз әлеумет ісіне араласатындықтан, нақты деректермен ойын дәлелдей алатын жан – жақты дайындықты және айқын ұсыныстар жасай алатын аса білгірлікті қажет етеді. Көзқарасы мен қабылдауы әр түрлі бүкіл қауым алдында жұртшылық атынан сөйлеу – аса жауапты жұмыс, сондықтан саясаткерге, көсемсөз иесіне білуге қажет. Оның үстіне халықтың отаншылдық сезімін оятатындай жігерлі, асқақ, әсем тілде айтылуы тиіс. Әлеуметтік – саяси мазмұнды шешендік сөздер көбінесе баспасөз құралдар арқылы жүзеге асады да, талқылау, пікір алысу, үгіт – насихат айту сипатында келеді. Бүгінгі күннің ең басы мәселесі – шүкір ететініміз де, қобалжи алаңдаушылық білдіретініміз де тәуелсіздік. Саяси шешендер қатарында тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті, шебер дипломат, білгір саясаткер, жан – жақты білім иесі – Н.Назарбаевты атаған болар едік. Н.Назарбаев Елбасы ретінде қоғамдық өмірдің қай саласында сөз алса да, терең білімділік танытып, өрелі ой иесі екендігін анық аңғартады, ағынан жарылып, ақ жүрегін жайып салады, бейнелі сөздерімен, мақал – мәтелдерімен, фразеологиялық оралымдарымен әрлеп, астарлап сөйлеп , қазақ тілінің мол байлығын жетік меңгерген сөз зергері екендігін танытады. Жан – жақты білімді, көреген Елбасы «Қалың елім, қазағым» деген кітабында жүрекжарды пікірін былайша өрбітеді: «Шөп шыққан жеріне шығады» дейді аталарымыз. Біздің қазақ – қаншалықты «мың өліп, мың тірілсе де», өзін – өзі сақтап қала алған халық, өте таланты халық.Мен айтар едім: Өліге де, тіріге де бар жанымен беріліп , қызмет көрсететін мұндай халық – ер мінезді , көңілді де, қолы да ашық халық – дүние жүзінен табыла қояр ма екен?!

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Шешендік өнердің даму деңгейі туралы сенің ойың қандай? ( берілген сұраққа жауап негізінде мақала жазу)

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу