Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, қалыптастырушы бағалау. 6 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау:«SWOT талдау» әдісі

  • Топтағы оқушылар алдымен жұпта берілген мәтінге талдау жүргізеді.
  • Жұптар немесе топтар арасында жұмыстар алмастырылады, танысып, қорытынды жасайды.
  • Берілген мәтін бойынша талдау жүргізе отырып, автордың ойы мен заман ағымын көрсетеді.
  • Шешен билердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырады.
  • S – strong – Кейіпкерлердің мықты жақтары
  • W – weak – Кейіпкерлердің әлсіз жақтары
  • O – opportunities - Кейіпкерлердің мүмкіндіктері
  • T – threats – Кейіпкерлерге қатысты қауіп-қатер

Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Жамандардың белгісі,

Жауға қарсы тұрмаса;

Залымдардың белгісі,

Бейбіттің малын ұрласа.

Надандардың белгісі,

Білгеннің тілін алмаса.

Шамаңша шалқып көре бер,

Қабірге әзір қоймаса.

Артыңда қалар атақ жоқ,

Тіріде данқың болмаса, – деп термелепті.

Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты:

Ердің құны сөз емес,

Есебін тапқан сабазға.

Төрден орын тимейді,

Патша болсын малы азға.

Мойнын бұрып сөз айтпас,

Көңілі қалған аразға.

Атадан жауып айтпаңыз.

Алғаным асыл ару деп,

Күн шығарып жатпаңыз.

Атамның малы көп-ті деп,

Атты басқа тартпаңыз.

Есенінде, тіріде

Бір болыңыз бәріңіз.

Ақыретке барғанда,

Хақ қасында тұрғанда,

Қыдырдың өзі болғай жарыңыз.

Асан абыз кідіріп, сәл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларға, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі:

Есті көрсең кем деме,

Бәрі тұйғын табылмас.

Қарындасың жамандап,

Өзіңе туған табылмас.

Адам әзіз айтар деп,

Көңілінді салмағын.

Нәпсі алдаушы дұшпаның,

Насихатын алмағын.

Бақыты оянған ерлердің,

Әрбір ісі оң болар.

Дәулеті күнге артылып,

Не қылса да мол болар.

Тазылары түлкі алып.

Қаршығасы қаз іліп.

Сөз сөйлесе жөн болар.

Не десе де жарасар.

"Бай", "байсың" деп ат қойып,

Ел аузына қарасар.

Арғымаққа міндім деп,

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама!

Сара жолдан жаңылған.

Ханға зират қазылмас,

Сөгілгелі тұр қабырғаң,

Кеселің бар жазылмас,

Тарқат ханым шеріңді,

Намазыңа асықпа.

Құрыштан берік елімді,

Алауыздықпен жасытпа!

Біреу өсірген қауынды,

Тұрсың босқа жарғалы.

Досыңнан іздеп жауыңды,

Тұрсың жалғыз қалғалы.

Ұмыттың қазақ даласын,

Ұлғайттың жанды жарасын,

Бір атаның баласын,

Екіге бөліп барасың,

Жолын ханым таппасаң,

Бүлінеді барлық жұрт.

Таң боп қайта атпасаң,

Басқалы тұр қара бұлт...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу