Рухани жаңғыру – реформалар жалғасы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

МЕКТЕП: Орал қаласы ФМБ НЗМ

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ӘДЕБИЕТІ

КҮНІ:

МҰҒАЛІМ: Сралиева М.Б.

СЫНЫП: 10 Т1

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР:

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру – реформалар жалғасы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

10 Т/А 5 Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау.

10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді;
  • Сұрақтарға жауап бере алады;
  • Білу және түсіну, қолдану, талдау сұрақтарын құрастыра алады;
  • Сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Жинақтау және бағалау сұрақтарын құрастыра алады;
  • Сұрақтарға жауап бере алады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым мазмұнын толық түсінеді;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Блум таксономиясы бойынша сұрақтар құрастыра алады;
  • Жауаптары анық, әрі дәлелді;
  • Өз ойын дәлелдер келтіре отырып білдіре алады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Құндылықты дарыту

Жарқындылық, бір-біріне деген құрмет

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

7 минут

Ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа флипчарт пен маркерлер таратылады. Мұғалім тақырып бойынша оқушылардың алғашқы білімдерін тексеру мақсатында «Дастарқан» әдісін қолданып, топ ішінде сағат тілімен «Рухани жаңғыруға» (мақала мазмұнымен байланыстылығы) қатысты білетін ақпараттарын жазғыздыртады.

Жазған мәліметтерін топтарға таныстырады.

Рухани жаңғыру

Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады.

Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма: Тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Дескриптор:

  • Тыңдалым мазмұнын толық түсінеді;
  • 4-5 сұраққа дұрыс жауап береді;
  • Жауаптары анық, әрі дәлелді;
  • Өз ойын түсінікті жеткізе алады.

2-тапсырма: Блум таксономиясы бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беріңіз. Топтық жұмыс

Тапсырма сипаттамасы:

  • Оқушылар 4 топқа бөлінеді (әр топта 5 оқушыдан).
  • Топтар бірлесе отырып, тыңдалым мәтіні негізінде сұрақтар құрастырады;
  • Әр оқушы бір сұрақ құрастырады (білу және түсіну, қолдану, талдау, жинақтау немесе бағалау сұрақтарының бірін таңдап құрастырады);
  • Сұрақтардың барлығын флипчартқа жазып, келесі топтарға береді;
  • Сұрақтарды алған топтар сұрақтарға жауап береді;
  • Сұрақ дайындаушы топ сұраққа жауап берген топты дескрипторлар арқылы бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар өзге топтың құрастырған сұрақтарын талдайды. Сұрақтың мақсатқа сай құрастырылуын бағалайды. Өздеріне ұнаған сұраққа жауап береді.

Бағалау

Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескрипторлар арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  • Сұрақ дайындаушы топ 5 сұрақ құрастыра алады;
  • Жауап беруші топ мәтін мазмұны бойынша кемінде 4-5 сұраққа жауап бере алады;
  • Өз ойын дәлелдер келтіре отырып білдіре алады.

https://www.youtube.com/watch?v=hYnigRs_IfI

https://www.youtube.com/watch?v=hYnigRs_IfI

Соңы

3 минут

Сабақтың соңында бағалау критерийлеріне қайта оралып, сабақты қорытындылау. Кері байланыс.

Қосымша

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақмақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу