Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.
Сабақтас құрмалас сөйлем
1. Шартты бағыныңқы СбҚС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді. Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? не етпей? қайтпей? қайтпейінше? не етпейінше? т.б.
Шартты бағыныңқының жұрнақтары : са, се, май, мей, пай, пей, бай, бей, майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше ғанда, генде, қанда, кенде.
Мысалы: Жауын жауса, үйде отырамын. Мен саған айтпасам да, сен білесің. Бірлік болмай, тірлік болмас. Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді. Сабақ оқымай, бес алмайсың. Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.
2. Қарсылықты бағыныңқы СбҚС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.
Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? не етпестен? не істесе де? не етпейінше? т.б.
Жұрнақтары мен шылаулары: са да, се де, ғанмен, генмен, қанмен, кенмен, а-е-й + тұра, тұрып,ғанына- геніне-қанына-кеніне+қарамай, қарамастан, ғаны-гені-қаны-кені + болмаса, ғанша, генше, қанша, кеншеМысалы: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Марат кешірім сұрағанын біле тұра, ол райынан қайтпады. Ахмет аяғы үсігеніне қарамастан, күндіз-түні еңбектеді. Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
3. Себеп бағыныңқы СбҚС
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.
Сұрақтары: неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не себептен? не деп? неге?
Баяндауыш тұлғалары
ғандықтан, гендіктен, қандықтан, кендіктен, ып, іп, п, а, е, й, ғаны-гені-қаны-кені +үшін,ма-ме-па-пе-ба-бе +й, 3 шақтағы етістік +деп, ған-ген-қан-кен +соң
Мысалы: Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық, Құнанбай жайлауға көшкен соң, қалғандары да жинала бастады. Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық. Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетті.
4. Мезгіл бағыныңқы СбҚС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.
Сұрақтары: қашан? қай кезде? қашаннан бері? қашанға дейін?
Баяндауыш тұлғалары -ғанда, генде, қанда, кенде ; ғанға-генге-қанға-кенге + дейін, шейін,ғаннан-геннен-қаннан-кеннен + кейін, соң ; ған-ген-қан-кен +сайын;
ған-ген-қан-кен + кезде, сәтте, уақытта ; ғанша,генше, қанша, кенше; ғалы,гелі, қалы, келі; ма-ме-па-пе-ба-бе +с +бұрын; ысымен,ісімен, сымен, сімен; арда, ерде, рда; са-се+жіктік жалғауы.
Мысалы: Екеуі кешке үйден шыққанда, қонақтар әлі тарамаған екен. Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездесті. Жұрт келгелі, Қасым бұл үйіне қоған емес. Елкін түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтан қар да түсе бастады. Мен айтқанға дейін, ол жазып қойыпты. Марат бармас бұрын, құжаттарын реттеді.
5. Қимыл-сын бағыныңқы СбҚС немесе «Амал бағыныңқы»
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың қалай
орындалғанын білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? не етіп? қалай?
Баяндауыш тұлғалары :
а, е, й, ып, іп, п; мастан, местен, пастан, пестен, бастан, бестен; ған-ген-қан-кен + күйі, қалпы, бойы; дай, дей, тай, тей; ғандай-гендей-қандай-кенде + болып;
Мысалы: Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді. Оспан маған айтпастан, үйден шығып кетті. Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды. Қалжыны, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді. Дәурен қорғанатын күші жоқтай, тек тығыла берді. Олар қос атпен тартқандай болып, төбеге қарай бет алды.
6. Мақсат бағыныңқы СбҚС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.
Сұрақтары: не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?
Баяндауыш тұлғалары :
мақшы-мекші-пақшы-пекші-бақшы-бекші + болып , у + үшін;
шартты, қалау, бұйрық рай + деп;қалау рай қы-кі-ғы-гі +тәуелдік жалғау + келіп ;
Мысалы: Марат оқымақшы болып, қалаға кетті. Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады. Аттың дүбірі естілмесін деп, біз ауылдың шетіне қарай бұрылдық. Оның оқығысы келіп, ел аралап кетті.
http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=3313&partition=other&subpartition=articles_kazakh
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды