Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 8 сабақ.


 Қосымша 1

 Ыңғайлас салалас

 Қарсылықты салалас

 Себеп-салдар салалас

 Қолданылу мақсаттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Адам баласы өмір сүруге қандай құштар болса, бостандықта болуға да сондай құштар. Себебі бостандықсыз өмірдің мәні жоқ. Мысалы, қылмыс жасаған адамды бостандығынан айырып, түрмеге отырғызып қояды, олай болса бостандықтың маңызын осы фактінің өзінен де көруге болады. Бостандық дегеніміз – адамдардың басқалардан қысым көрмей, еркін ойлап, еркін сөйлеп, еркін іс-әрекет етуге мүмкіншілігінің болуы. Былайша айтқанда адамдар өздерінің түсінігімен, сенім- нанымымен заңның шеңберінде, қоғамдық тәртіпті бұзбай, өмір сүруі және олардың санасында қауіп, үрей, қорқыныш сияқты жағымсыз сезімдердің болмауы. Әркім күнделікті өмірде үйлесімді өмір сүріп, ұнамды іспен айналысып, еркін жүріп-тұрса, олар өздерін бостандықта сезінеді. Бостандықты саяси, құқықтық, психологиялық, экономикалық, моральдық сияқты бірнеше мағынада түсінуге болады және ол жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас бір ұлттың бостандығы туралы да болуы мүмкін. Бұған дәлел, біз тарихтан құл иеленушілік қоғам, ұлт- азаттық қозғалыс, таптық күрес туралы жақсы білеміз және мұның бәрі бостандық үшін күрес болатын. Бірақ та бостандық дегеніміз, әркімнің ойына не келсе соны істеуге ерікті деген сөз емес.

 Адам өзіне қанша бостандықты қажет етсе, оның соншалықты міндеті де болуға тиіс. Себебі адамның бостандықпен бірге жауапкершілігі де бар. Былайша айтқанда, бір адам екінші адамның бостандығына кесел келтірмеуі керек. Жеке адамдар қоғамда бір-біріне тәуелді және олардың арасында тығыз диалектикалық байланыс бар. Жеке адам сол қоғамның азаматы болғандықтан, ол сол мемлекеттің заңдарына бағынуға тиіс және ол заңды бұзғаны үшін тиісті жазасын алып отырады. Әрбір мемлекет өзінің ата заңында азаматтарының құқығы мен міндеттерін анық көрсеткен және ол заңдар халықаралық қауымдастықтың адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі декларацияларға қайшы келмеуі керек. Адамзат қоғамы дамыған сайын мемлекетаралық саяси, экономикалық, рухани байланыс нығайып, олардың бір-біріне ықпалы да артып келеді. Қазіргі мемлекеттердің саяси құрылымы демократиялық, авторитарлық, тоторитарлық режим болып бірнеше түрге бөлінеді. Бүгінгі ақпарат құралдарының жетістігі арқасында, бір елде болып жатқан уақиға тез арада бүкіл дүниежүзіне тарайды. Сондықтан да әрбір ел халықаралық қауымдастықтың алдында өзінің беделін сақтау үшін, азаматтарының құқығы мен бостандығының бұзылмауына мүдделі. Бірақ та барлық жерде бұл қағида толығымен орындалады деп айта алмаймыз. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде халықты демократиялық жүйеде өмір сүресіңдер деп сендіріп келген болатын. Бірақ та Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, біз тоторитарлық қоғамда өмір сүргенімізді түсіндік. Себебі ол кезде әртүрлі хабар алудың еркіндігі болмағандықтан, адамдардың ненің шын, ненің өтірік екенін салыстыру арқылы таңдауға мүмкіншіліктері болмады. Ресми идеология болса, көп жылдар бойы адамдардың санасын түрлі айла-тәсіл қолдану арқылы оны өзінің бақылауында ұстады. Біз бостандықты бірнеше мағынада түсінуге болатынын айттық. Соның ішінде саяси бостандыққа келетін болсақ, ол көбінесе бұқара халық пен саяси биліктің арасындағы қатынасқа байланысты. Егер ол демократиялық қоғам болса, онда билік пен халықтың арасындағы қатынас сайлау арқылы демократиялық институттардың бірқалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасаумен реттелініп отырады.

 

 Қосымша 2

 Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

 Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.

 Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.

 Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.

 Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.

 Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.

 Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

 Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.

 Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.

 Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ
» «ЭЙР АСТАНАҒА» «АЙЫРЫП» ТҰРЫП АЙЫППҰЛ САЛЫПТЫ
» ОҚУШЫЛАР ЕНДІ САБАҚ ҮСТІНДЕ ТЕЛЕФОН ҰСТАМАЙДЫ
Пікір жазу