Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017 | Мектеп: Пән: қазақ тілі | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқан оқушылар саны: | Келмегендер: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017 | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары мен түрлері туралы біледі, оны жаңалық оқиғасын жасауда қолдана алады. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді. Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: «Егер.....Онда.......Өйткені», Құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары және түрлері (Салалас құрмалас сөйлем). Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді. Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ... | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Мәтін мәнмәтінінде елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі | ||||||||||||||||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мүмкіндіктері | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Бөлім бойынша ақпараттарды қолданады. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурс тар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту «Егер.....Онда.......Өйткені» әдісі. Сыныптан үш оқушы ортаға шығады. Бұл топқа тақырыпқа қатысты жағдаят беріледі. Топ 1 минут ішінде жағдаятты талқылап, бірінші ойыншы «Егер....» - деп бастайды, екінші ойыншы «Онда.......» - деп сол ойды жалғастырады, үшінші ойыншы «Өйткені......» - деп ойды қорытындылайды. Жағдаят: Егер сіз ел Президенті болсаңыз тағы нені өзгертер едіңіз? Топ жағдаятты шешіп, үш жай сөйлемнен құралған, құрмалас сөйлеммен жеткізеді. Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау. Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау | Оқушы дәптері А4 | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин | Мағынаны тану. 1-тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушыларға құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары және түрлері (Салалас құрмалас сөйлем) туралы теориялық мәлімет таратылады. Теориялық мәлімет бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, оқып шығады. Жұптық жұмыс. Жұпта өз түсінгендерімен бөліседі. Мұғалім түсіндірмесі. (слайд арқылы) 2- тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлінеді. Топта бөлім бойынша (ЭКСПО 2017) маңызы бар оқиғаны жеке жаңалық оқиғасы етіп дайындау үшін таңдап алады. Оқушылар топ ішінде өзара зерттеу жүргізу үшін аспектілерді бөліп алады, оқиғаның әр түрлі аспектілерін анықтау үшін журналистер рөлін сомдайды. Оқушылар өз топтарына есеп беріп, әңгіме тақтасын, өз бағдарламаларын жасау үшін жоспар жасайды (ұзақтығы екі минут болуы қажет). Мүмкіндігінше таңдап алған жаңалық оқиғасының Қазақстан үшін маңызы болуы және құрмалас сөйлемдердің қолданылуы басты шарт. Оқушылар рөлдерді төмендегі ретпен бөлуі мүмкін:
Оқушылар өздерінің әңгіме тақтасын қолданып, екі минуттық жаңалық дайындайды. Олар әңгіме тақтасын, атауларды, тақырып сөйлемдерін құрмалас сөйлемдер арқылы дамыта алады. Басқа топтар осы қорғап жатқан топтың идеяларын флип-чартқа түсіріп отырады. Жиналған ойлар мен идеяларды қолданып, ой картасын жасайды.
Бағалау критерийлері:
| Оқылым таратпа материалдары | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. 5-1-1 Тақырыпқа қатысты 5 сөз айту 5 сөзден 1 сөйлем шығару Бүгінгі тақырыпты ашатындай 1 сөз қалдыру Кері байланыс Үйге тапсырма: «Мен елімнің айтулы жетістіктерімен мақтанамын ...» ой- толғау жазу. | ||||||||||||||||||
Дифференциация – қалай жүзеге асырылды. Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу. Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша топ топты бағалау
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау; Жайлы атмосфера қалыптастыру | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма? Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды