Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 8 сабақ.


 Жазылымға арналған тапсырмаларды орындатуда мұғалімге кеңес

 Жазылым дағдысы - өмірдің барлық саласында қатынас жасауға мүмкіндік беретін дағды. Ал жазылым жұмысы мынадай жағдайлар арқылы жүзеге асады:

  • Әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;
  • Графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қсиетке ие;
  • Жазылым процессіне сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады;
  • Жазылым орындаушы жазылым үрдісінде сөйлемнің мағынасына ғана емес, түріне де назар аударады;
  • Жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады;

Жазылым барысында ескерілуге тиіс:

  • Орфографиялық қатесіз жазу;
  • Әріптерді дұрыс қолдана білу;
  • Пунктуациялық қатесіз жазу;
  • Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
  • Сөздерді іріктеп, орынды қолдану;
  • Грамматикалық ережелерге сүйене отырып жазу;
  • Сөйлемдерді қатесіз, дұрыс байланыстыра білу;
  • Мәтіндегі азат жолдарды дұрыс қолдану;
  • Қажетті стильді ұстану;
  • Ойды жүйелі бере білу;
  • Мәтін түрін ажыратып ұстану;

 Жазылым дағдысын қалыптастыру үшін жазу барысында бірнеше қадамдарды ұстану қажет. Бұл қадамдар оқушылардың жазылымды сауатты әрі сапалы жазып шығуына оң ықпалын тигізеді.

  • Алдымен жазылым мақсатын анықтау (жазылым түрі, жанры, стилі, идеясы, аудитория т.б. ескеру)
  • Ойды жеткізуді жоспарлау;
  • Алғашқы шимай нұсқасын жазу;
  • Шимай нұсқаны оқып, қайта түзету;
  • Ойдың жүйелі, үйлесімді, қатесіз жазылуын тексеру;
  • Түзетілген соңғы, қатесіз нұсқасын жазу;

Эйлер шеңбері бойынша

 Оқушылар А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңберін сызады, одан кейін кезекпен сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің қызметі туралы, т.б. идеялар талқыланып, жазылады. Оқушылар талқылау кезінде Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген сұрақтар арқылы идеяларды тарата отырып саралайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу