Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жас туристің жаднамасы

Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану

 Бағалау критерийі

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Саяхат кезінде, жол ауыртпалығы, жаднама, ылғал орамал, климат, салғырт қарамау, дәрігер кеңесі, жергілікті жердің ауа-райы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География,

Бастапқы білім

Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Мұғалім сабақты амандасудан бастайды. Оқушыларды түгелдейді. Содан кейін оқушыларға түрлі-түсті қағаз қиындыларын ұсынады да, оларға өздерінің сабақ басталардағы көңіл-күйлерін сипаттайтын түстерді таңдауды ұсынады. Оқушылар түсті таңдап алғаннан кейін бір-екі ауыз сөзбен түсіндіріп кетуді сұрайды.

Оқушылардың ойларын тыңдап, оларға сәттілік тілейді.

Сабақтың тақырыбын хабарлайды:

Жас туристің жаднамасы

Сөйлем соңында қабататсып келетін тыныс белгілері

Сабақ мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

«Эйлер шеңбері» әдісі

Оқушылар А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңберін сызады, одан кейін кезекпен сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің қызметі туралы, т.б. идеялар талқыланып, жазылады. Оқушылар талқылау кезінде Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген сұрақтар арқылы идеяларды тарата отырып саралайды.

Оқушылардың сөйлем соңындағы қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің қызметі туралы түрлі идеяларын жинақтап, қорытындылайды.

Жазылым тапсырмасы

«Кедергі арқылы жазу» мәтіні

 Жас туристің жаднамасы

 Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз.

Саяхатқа шықпас бұрын:

- барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

- дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз;

- шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.

Саяхат кезінде:

- беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғал орамалды пайдаланыңыз.

- дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.

- тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн;

- жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаған абзал;

- өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектер, маса, ара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғал орамал, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәке мен қайшы алып жүріңіз.

 

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі

Оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау үшін тепе-теңдік дөңгелегі әдісін қолданады.

Жұмыс алгоритмі:

Шеңберде бірнеше бөлік болады. Оқушы айтқан әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.

Дескриптор:

  • Тақырып аясында диктант жазады;
  • Тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
  • Тақырып бойынша қорытынды жасайды.

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. Мұғалімнің бағалауы оқушыларға көмектесу арқылы оқу жалғастыруға көмектеседі яғни оқу үдерісін бағалайды. Бағалаудың негізгі түйіні - оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру.

1-таратпа

2-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балаң үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу