Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз? Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ: Қазақ тілі Т1 | Мектеп: | ||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты - жөні: | ||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз? | ||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 8.2.1.1 -тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру; 8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу. | ||||
Сабақтың мақсаты | Кесте бойынша ақпаратты анықтайды; Берілген мәліметтерді қолдана отырып диаграмма, сызба, кестеге айналдырады деректі пайдаланып, қорытынды жазады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта орындалатын іс - әрекеттер | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Ортасы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды. 3-ке бөлінетін, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар биоалуантүрлілікті сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады. Оқушылар стикерлердің түсі бойынша 4 топқа бөлінеді. Мағынаны тану.
Тақтадан Қызыл кітаптың, сол кітапқа енген жануарлар мен құстардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздерінің бұрыннан білетін мәліметтерімен бөліседі. "Қызыл кітап" туралы не білеміз? (топтастыру) Неліктен бұл кітап « Қызыл кітап» деп аталған? Слаид материалымен танысып, оқушылар бір – бірімен пікірлеседі. Тапсырма: Мәліметтерді оқып танысқан соң топтар осы мәтінді «сөзсіз мәтінге» айналдырады, яғни суретпен, сызбамен, кестемен, символдық белгілермен т.б. жұмбақтап беруі керек. Дайын болған жұмыстарын іліп, «галереяны шарлап», астарлы мағыналарды анықтап,топқа қайтып келген соң, ойларын жинақтап, топ бойынша пікір айтады. |
Слайд http://www.youtube.com/watch?v=dLiOcBdfTFs | |||
Соңы | Рефлексия «Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз?» деген сұраққа идеяларын жазып, «Қорғаныш» жәшігіне салады. Кері байланыс. Не білемін... Нені білдім... Не қиын болды.... Не сәтті шықты... Нені білгім келеді... Бағалау. Берілген критерийлер бойынша бағаланады. Үйге тапсырма. "Қызыл кітап" поэмасының өзіңізге ұнаған үш тарауын оқып келіңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды