Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 3 сабақ.
Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу мақсаты:
О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
Бағалау критерийі:
1. Стиль түрлерін ажыратады
2. Ғылыми және публицистикалық стильдерге тән тілдік құралдарды табады
3. Қолданылған тілдік құралдарға түсінік береді
Топқа бөлу
Байқоңыр Обсерватория Ғарыш аппараты, Ғаламшар
Үй тапсырмасы
1-2-топтар публицицстикалық стиль бойынша қайталап келген ақпараттарыңды А3 парағына түсіріңіздер және «Білемін» қиындысының астына іліңіздер.
3-4-топтар ғылыми стиль бойынша қайталап келген ақпараттарыңызды А3 парағына түсіріңіздер және «Білемін» жазуының астына іліңіздер.
«БББ» стратегиясы
БІЛЕМІН
БІЛДІМ
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
Оқылым алдындағы тапсырма
ЖЖБерілген сөздерге қарап, көршіңе өз ойыңызды айтыңыз.
Сіздерге берілген сөз арқылы қандай маңызды тақырып құрастыруға болады?
Тақырыптың 2 атауын болжаңыз және мәтін құрастырыңыз: бірі - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын мәтін, екіншісі - ғылым саласына байланысты мәтін.
Бағалау критерийі:
1. Публицистикалық стильге сай мәтін құрастыра алады2. Ғылыми стильге сай мәтін құрастыра алады.Жұпаралық бағалау. Кері байланыс
Оқылым тапсырмасы.
1-2-топтар
Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.
1. мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері
2. бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар
3. эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.
4. перифразалар
5. сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар
6. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.
3-4-топтар
Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.
1. Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?
2. Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.
3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?
4. Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?
5. Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.
6. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.
Бағалау критерийі:
1. Стиль түрін анықтайды2. Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады3. Олардың қолданысына түсінік береді.Топаралық бағалау. «Мен саған, сен маған» әдісі.
Кері байланыс. «Оң және теріс» әдісі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. 1-2-топтар
1. « Халықты ақпараттандыру ісінің жетілуі, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауы, зерттеулер жүргізуде, «Қазіргі таңда ғарыш қызметі байланыс, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», қазіргі экономикалық прогрестің басты қозғалтқышы, әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс, трансұлттық корпорациялар»
Берілген тіркестерді, ғылыми деректерді қолданып, мақала дайындаңыз.
Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес. Ойыңыз 10-15 сөйлемнен тұруы тиіс.
2. Қолданған сөз тіркестеріңіз бен ғылыми деректеріңізді не үшін қолданғаныңызға түсінік беріңіз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. 3-4-топтар
1. «Астрономия, ғарыш кеңістігі, галактика, жерден басқару жүйелері, ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттері, Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу, Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады.»
Берілген ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді қолданып ғылыми стильде мәтін құраңыз.
Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес. Ойыңыз 10-15 сөйлемнен тұруы тиіс.
2. Қолданған сөз тіркестер мен ғылыми деректерді не үшін қоланғаныңызға түсінік беріңіз.
Бағалау критерийі:
1. Ұсынылған ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді қоланып,стильге сай мәтін құрайды2. Сөз тіркестерінің қолданысына түсінік бередіКері байланыс. Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз?
Рефлексия
«Білгім келеді» әдісіҮйге тапсырма: мақала мен презентацияның құрылымы мен рәсімделуі жайында ақпарат жинақтап келу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару.
ТАҚЫРЫП
МАҚСАТ
БАҒАЛАУ
ТАПСЫРМА
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды