Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 3 сабақ.


Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу мақсаты

О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

Бағалау критерийі:

1. Стиль түрлерін ажыратады

2. Ғылыми және публицистикалық стильдерге тән тілдік құралдарды табады

3. Қолданылған тілдік құралдарға түсінік береді

Топқа бөлу

Үй тапсырмасына шолу

1-2-топтар публицицстикалық стиль бойынша қайталап келген ақпараттарыңызды А3 парағына түсіріңіздер

Орындау уақыты 1минут.

Таныстырыңыз.

3-4-топтар ғылыми стиль бойынша қайталап келген ақпараттарыңызды А3 парағына түсіріңіздер.

Орындау уақыты 1мин

Таныстырыңыз.

Оқылым алдындағы тапсырма

ЖЖ

Өз топтарыңыздың атына байланысты суретпен жұмыс жасаңыз.

Топта іштей жұптаса отырып, тапсырманы орындаңыз.

Берілген суретке қарап, көршіңізге өз ойыңызды айтыңыз:

Суретке қарап 2 түрлі тақырып қойыңыз: бірі - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын тақырып, екіншісі - ғылым саласына байланысты тақырып.

Қойған тақырыбыңыз бойынша мәтін құрастырыңыздар. Мәтін құрастыруда бағалау критерийін басшылыққа алыңыз.

Бағалау критерийі

Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын сөз тіркестерін қолдана алды

2. Ғылыми ақпаратты жеткізетін сөз тіркестерін, ғылыми терминдерді қолдана алды

Жұпаралық бағалау. «Бірінші, екінші» әдісі

Кері байланыс. «Келісемін, келіспеймін» әдісі.

Оқылым тапсырмасы.

1-2-топтар публицистикалық мәтінмен жұмыс жасайды.

Тапсырма.

Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1. мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері

2. бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар

3. эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.

4. перифразалар

5. сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар

6. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

3-4-топтар ғылыми мәтінмен жұмыс жасайды

Тапсырма.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1. Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?

2. Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.

3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?

4. Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?

5. Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.

6. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

Бағалау критерийі:

1. Стиль түрін анықтайды

2. Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады

3. Олардың қолданысына түсінік береді.

Топаралық бағалау. «Мен саған, сен маған» әдісі.

Кері байланыс. «Оң және теріс» әдісі

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-2-топтра үшін тапсырма.

Екі суретті біріктіре отырып, қоғамдық маңызы бар, халықты ақпараттандыратын 10-15 сөйлемнен тұратын мәтін құраңыздар.

Мәтін құруда стиліңізге сай сөз оралымдарын қолданыңыздар.

3-4-топтар үшін тапсырма.

Екі суретті біріктіре отырып, ғылыми маңызы бар, ғылыми ақпарат беретін 10-15 сөйлемнен тұратын мәтін құраңыздар.

Мәтін құруда стиліңізге сай сөз оралымдарын қолданыңыздар

Бағалау критерийі:

1. Стильге сай мәтін құрайды

2. Стильге сай тіл оралымдарын қолданады

Бағалау. «Бақылаушының бағалауы» әдісі.

Бақылаушы парағы.

1. Топтық жұмыс қалай жүзеге асты?

2. Топта кім белсенді, кім баяу жұмыс жасады?

3. Стиліне сай мәтін құрай алды ма? Дәлелдеңіз.

4. Стильге сай қандай тіл оралымдарын қолданды? Мысал келтіріңіз.

5. Топ мақсатқа жетті ме?

Рефлексия. «Менің көңіл-күйім» әдісі.

Стикерге төмендегі сұрақтарға жауап жазып, көңіл-күйіңе сай суретке апарып жапсырыңыз.

1. Сабақ мақсатына жетті ме? Үйге тапсырма:

2. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?

3. Не қиын, не оңай болды?

4. Қандай кедергілер болды?

мақала мен презентацияның құрылымы мен рәсімделуі жайында ақпарат жинақтап келу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу