Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

Оқу мақсаттары

8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

Бағалау критерийі

  • Стиль түрлерін ажыратады
  • Ғылыми және публицистикалық стильдерге тән тілдік құралдарды табады
  • Қолданылған тілдік құралдарға түсінік береді

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Ғылыми терминдерді диалог,монолог және полилогта орынды қолданып сөйлеуді меңгерді

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 - мин

Оқу мақсатын таныстыру.

Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:

  • Оқу мақсаты түсінікті ме?
  • Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз?

Оқушыларда оқу мақсаты туралы түсінік қалыптасқаннан кейін топқа бөлу әрекеті жүзеге асады.

Топқа бөлу.

1-топ 2-топ

3-топ 4-топ

Үй тапсырмасына шолу. Мұғалім топтың барылқ мүшесі қатысып отырғанын бақылайды, топтың барлық мүшесі жұмысты орындауда барынша белсенділік танытуына ықпал етеді.

1-2-топтар публицицстикалық стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді ( 1мин) және таныстырады.

3-4-топтар ғылыми стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді ( 1мин) және таныстырады.

Сабақтың ортасы

7 мин

15 мин

8 мин

Оқылым алдындағы тапсырма

Оқушылар өз топтарының атына байланысты суретпен жұмыс жасайды. Топта отырған оқушылар іштей жұптаса отырып, тапсырманы орындайды.

ЖЖ.

Берілген суретке қарап, көршіңе өз ойыңызды айтыңыз.

  • Суретке қарап 2 түрлі тақырып қойыңыз: бірі - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын тақырып, екіншісі - ғылым саласына байланысты тақырып.
  • Қойған тақырыбыңыз бойынша мәтін құрастырыңыз. Мәтін құрастыруда бағалау критерийін басшылыққа алыңыз.

Бағалау критерийі:

  • Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын сөз тіркестерін қолдана алды
  • Ғылыми ақпаратты жеткізетін сөз тіркестерін, ғылыми терминдерді қолдана алды

Оқушылар бір-біріне өз мәтіндерін айтып жатқан кезде мұғалім жұптардың қасына барып, ақырын тыңдап, өзіне туындаған мәселе бойынша түртіп алады. Көмек қажет жұптарға көмек беріп, дұрыс бағытқа салады. Жұптар тең сөйлеу үшін жұптың әр мүшесіне уақыт белгілеу қажет болады. Жұптар бірінші тапсырманы бірге орындаса, екінші тапсырманы бөлек орындауға тура келеді, өйткені мәтін екі түрлі,сондықтан жұптың бірінші оқушысы сөйлеп жатқанда оған 1 минут белгілейсіз. Бір минут өткен соң екініш оқушы екінші мәтін бойынша өз ойын айтады, ол да 1 минут сөйлейді. Мәтін 5-6 сөйлемнен тұруы мүмкін немесе одан да көп болуы мүмкін.

Жұпаралық бағалау. «Бірінші, екінші» әдісі

Мұғалім «бірінші» дегенде жұптағы бірінші оқушы көршісіне баға береді, «екінші» дегенде екінші оқушы бірінші оқушыға баға береді.

Кері байланыс. «Келісемін, келіспеймін» әдісі.

Оқушы өзінің бағасымен келісетіні не келіспейтіні жөнінде стикерге таңбаны қойып кқрсетеді. Қажет болған жағдайда бір-екі оқушының жауабын тыңдауға болады.

Оқылым тапсырмасы.

ҚБ

1-2-топтар публицистикалық мәтінмен жұмыс жасайды.

1-2- топ

Ғарыштың кілті – ғылымда

Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады... Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық – Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді. Байыптасақ, біз ішкі жаңалығына үңілгіміз келген «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және жаңа технологиялар орталығы» АҚ, В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты, Орта Азиядағы санаулы институттардың қатарына жатады. Мамандардың айтуынша, мұнда қызмет ететіндер үнемі ізденіске, дәйім жаңашылдыққа құмар. Бұған қатысты аталмыш институттың ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары Рашит Валиуллин:

– Астрофизика – насихатты, қолдауды қажет ететін сала. Ғарыш саласын одан әрі дамыту үшін нақ осы астрофизика ғылымына аса мән берген жөн. Жақында біздің институт жанынан бір метрлік телескоп ұзақ жылғы тоқыраудан кейін қайта іске қосылды. Мұндай телескоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан бұл телескоптардың ерекшелігі жаңа іске қосылған ғарышты зерттеу құралы автоматты жүйеге көшірілген. Яғни оны ғаламтор арқылы кез келген жерден басқара беруге болады. Бұл телескоп белсенді галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды және басқа да аспан денелерін, ғарыш айлақтарын бақылап, зерттеуге арналған. Бұл Қазақстан ғылымындағы озық жетістіктің бірі болып саналады, – дейді.

Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыштану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі бүгінде біздің елде біртіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Германия елдерімен тығыз байланыс орнатып, маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы кездері отандық ғалымдар ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын және оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Институт ғалымдарының қазіргі таңдағы ең жоғары ғылыми жаңалықтары ретінде 42 сейферттік галактиканың ашылуын айтуға болады.

http://alashainasy.kz/economica/garyishtyin-klt--gyilyimda-21310/

Алаш айнасы.kz

Тапсырма.

Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1.мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері

2.бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар

3.эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.

4.перифразалар

5.сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар

6.Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

***

3-4-топтар ғылыми мәтінмен жұмыс жасайды.

3-4-топ

Астрономия-аспан денелері туралы ғылым

Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Астрономиялық құбылыстар қатарына әлем кеңістігіндегі денелердің қозғалысы, сондай-ақ ол денелерде жүріп жатқан сан алуан процестер жатады. Ал ондай процестер физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, т.с.с. құбылыстармен тығыз байланыста болады. Ендеше астрономия ғылымы да көптеген басқа ғылымдармен астаса отырып дамиды. Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол – И. Ньютон ашқан Бүкіл әлемдіктартылыс заңы. Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол физиканың зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос- Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия құбылыстарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астро-физика деп аталады. Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей терең вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады.

https://baribar.kz/student/7025/astronomiya-aspan-deneleri-turaly-ghylym/

Baribar.kz

Тапсырма.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1.Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?

2.Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.

3.Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?

4.Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?

5.Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.

6.Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

Бағалау критерийі:

  • Стиль түрін анықтайды
  • Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады
  • Олардың қолданысына түсінік береді.

Топаралық бағалау. «Мен саған, сен маған» әдісі.

Екі топ бір стильде жұмыс жасағандықтан, бір-бірін бағалап шығады.

Мұғалімнің кері байланысы. «Оң және теріс» әдісі.

Оқушылардың жауаптарының оң және теріс жақтарына кері байланыс беріп, ұсыныс білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-2-топтра үшін тапсырма.

Екі суретті біріктіре отырып, қоғамдық маңызы бар, халықты ақпараттандыратын 10-15 сөйлемнен тұратын мәтін құраңыздар.

Мәтін құруда стиліңізге сай сөз оралымдарын қолданыңыздар.

3-4-топтар үшін тапсырма.

Екі суретті біріктіре отырып, ғылыми маңызы бар, ғылыми ақпарат беретін 10-15 сөйлемнен тұратын мәтін құраңыздар.

Мәтін құруда стиліңізге сай сөз оралымдарын қолданыңыздар

Бағалау критерийі:

  • Стильге сай мәтін құрайды
  • Стильге сай тіл оралымдарын қолданады

Бағалау. «Бақылаушының бағалауы» әдісі.

Әр топтан топты бағалау үшін бір бақылаушы тағайындалады. Ол топтық жұмысты бақылап, бағалайды. Бақылаушыға нені бақылайтынын, қалай баға беретіні жөнінде сұрақтар беріп қоюға болады.

Бақылаушы парағы.

  • Топтық жұмыс қалай жүзеге асты?
  • Топта кім белсенді, кім баяу жұмыс жасады?
  • Стиліне сай мәтін құрай алды ма? Дәлелдеңіз.
  • Стильге сай қандай тіл оралымдарын қолданды? Мысал келтіріңіз.
  • Топ мақсатқа жетті ме?

http://alashainasy.kz/economica/garyishtyin-klt--gyilyimda-21310/

Алаш айнасы.kz

Ғарыштың кілті – ғылымда

https://baribar.kz/student/7025/astronomiya-aspan-deneleri-turaly-ghylym/

Baribar.kz

Астрономия-аспан денелері туралы ғылым

Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия

«Менің көңіл-күйім» әдісі.

Оқушылар стикерге төмендегі сұрақтарға жауап жазып, көңіл-күйіне сай суретке апарып жапсырады. Мұғалім таңдауы бойынша стикерді таңдап, дауыстап оқиды, сол бойынша оқушыларға кері байланыс береді

  • Сабақ мақсатына жетті ме?
  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?
  • Не қиын, не оңай болды?
  • Қандай кедергілер болды?

Үйге тапсырма: мақала мен презентацияның құрылымы мен рәсімделуі жайында ақпарат жинақтап келу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу