Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 4 сабақ.


Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу мақсаты: О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

8.2.3.1. Мақала, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Бағалау критерийі:

1. Мақала, презентацияның құрылымын таныстырады

2. Мақала мен презентацияның рәсімделуін ұсынады

3. Мақала мен презентацияның жанрлық ерекшелігін ажыратады

Топқа бөлу

1-топ.

Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз

2-топ.

Қазақстанның ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында.

3-топ

Жер серіктеріҚазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйрейді.

4-топ

Ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.

Тапсырма.

Сурет пен цитатаны байланыстырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

ДӘЙЕКСӨЗ

Оқылым алдындағы тапсырма

1-2-топтар мақаланың құрылымын топта талқылаңыздар.Үйден қарап келген мәліметтеріңізді қолданыңыз.

1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарыңызды алмастырыңыздар, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.

Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарыңыздағы мәліметті таныстырыңыз, ақпараттармен алмасыңыз.

Әр топтан бір оқушыны таңдаңыз.

Ол топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады.

3-4-топтар презентацияның құрылымын топта талқылаңыздар.Үйден қарап келген мәліметтеріңізді қолданыңыз.

1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарыңызды алмастырыңыздар, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.

Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарыңыздағы мәліметті таныстырыңыз, ақпараттармен алмасыңыз.

Әр топтан бір оқушыны таңдаңыз.

Ол топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады.

Бағалау критерийі:

1. Мақаланың, презентацияның құрылымын таныстырады

2. Ойына дәлел келтіреді

Бағалау. Сұрақ-жауап алған оқушы өз бағасын береді.

Оқылым тапсырмасы.

Тапсырма.

1. Мақаланы оқыңыз.

2. Мақаланың рәсімделуін ұсыныңыз.Үлгіні назарға алыңыз.

3. Ұсынылған рәсімдеу ережесіне сай мақаланы өңдеңіз.

Тапсырма.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтін бойынша презентация жасау үшін презентацияның рәсімделу ержесін ұсыныңыз.

3. Ұсынлған рәсімдеу ережесіне сай презентацияны әзірлеңіз.

Бағалау критерийі:

1. Мақаланың, презентацияның рәсімделуін талапқа сай ұсынады

2. Берілген талапқа сай мақала мен презентацияны әзірлейді.

Бағалау. «Басбармақ» әдісі.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Тапсырма

1. Мақаланың презентациядан қандай ерекшелігін байқадың? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Презентацияның мақаладан айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

Бағалау критерийі:

1. Мақала мен презентацияның жанрлық ерекшелігін ажыратады

Кері байланыс.

«Менің көзқарасым» әдісі.

Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз?

Рефлексия

«Шеңбер» әдісі

1. Сабақ мақсатына жетті ме?

2. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?

3. Не қиын, не оңай болды?

4. Қандай кедергілер болды?

Үйге тапсырма: аннотация, тезис туралы мәліметті қарау, конспект жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу