Мамандық таңдаудағы бес қадам. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 4 сабақ.
Мамандық таңдаудағы бес қадам
Оқу мақсаты
Ж3 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
Бағалау критерийлері
Графиктік мәтіндегі ақпаратты түсіндіріп жазады;
пайымдау мәтінін құрайды;
пайымдау мәтінінің құрылымын сақтап жазады;
ақпараттардың ішінен маңызды тұстарды анықтап, дәлелдеп жазады.
Топқа бірігу
Әңгімелеу мәтіні
Мәтін мақсаты тақырып туралы ақпарат беру, іс-әрекетті баяндау.
Мәтінде етістіктер көп қолданылады.
Мәтін құрылымы композициялық жоспарға негізделеді.
Мәтінде «не істеді?» сұрағына жауап беріледі.
Сипаттау мәтіні
Мәтінде зат, құбылыс сипатталып жазылады.
Мәтінде сын есім, эпитеттер, теңеу мол ұшырасады.
Мәтіннің кіріспе бөлімінде сипатталатын зат, құбылыс туралы ақпарат беріледі.
Негізгі бөлімде заттың, құбылыстың ерекшеліктері жеке қасиеттеріне сай сипатталады.
Қорытынды бөлімінде затқа, құбылысқа қатысты автордың көзқарасы, қарым-қатынасы жазылады.
Мәтінде «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап беріледі.
Пайымдау мәтіні
Мәтіннің кіріспе бөлімінде дәлелденетін тұжырым жазылады.
Мәтіннің негізгі бөлімінде автор дәлелдер келтіреді.
Мәтіннің негізгі бөліміде автор өз пікіріне түсініктеме береді.
Қорытынды бөлімінде өз тұжырымына қайта оралады.
Мәтінде «неліктен?» деген сұраққа жауап беріледі.
Топтық талқылау
Суреттегі ақпаратпен танысып, сұрақтарды топта талқылаңыз.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған қадамдар қаншалықты орынды?
Сенің ойыңша қай қадам маңызды? Неліктен?
Сен қандай қадам қосар едің?
Жазылым тапсырмасы.
Суреттегі ақпараттарды түсіндіріп, өз пікіріңді білдіріп, пайымдау мәтінін құраңыз.Дескриптор:
Мамандық таңдауда ескерілетін бес қадамды түсіндіреді;
Әр қадамға тоқталып, түсінік береді;
Қадамдардың ең маңызды деп тапқандарын анықтап жазады;
Пайымдау мәтінін жазады;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды