«Денсаулық – зор байлық». Қарттардың денсаулығы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Жалғаулықтар
Жалғаулық шылаулар— бірыңғай мүшелердің, сөйлем мүшелерінің және құрмалас сөйлем сынарларының ара қатынасын білдіретін шылау сөздер. Жалғаулық шылаулар мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай 6 түрге бөлінеді: Ӏ.Ыңғайластық жалғаулықтар Тең дәрежедегі сөздер мен сөйлемдерді жалғастырып, олардың өзара ыңғайластығын білдіреді. Оған мен, және, тағы, әрі, да жалғаулықтары жатады. Мысалы, Байжан да, Жұмабекте мұндай олжаға кездесеміз деген жоқ еді.
Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады.
Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Демеуліктер
Демеулік шылаулар өз шылауында тұрған сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған таңдау. Алайын мынасын ба, анасын ба? Бұл сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Бірақ бұл сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
2. Күшейткіш демеуліктер: - ақ, - ау, - ай, әсіресе, да, де, та, те. Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Бұл сөйлемде де шылауы — демеулік ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал та шылауы — жалғаулық, ол тап және бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, қана, тек, кейде, - ақ.
4. Болжалдық демеуліктер: - мыс, - міс, кейде, - ау.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, - ды, - ді, - ты, - ті.
Тілімізде -ақ, -ай, -ау, -мыс (-міс), -ды (-ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Келісе келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс. Осындай көп хабарға қанып келген-ді.
Септеуліктер
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.
http://testent.ru/load/testy/kazak_tili/zhalauly_shylaular/35-1-0-468
http://www.itest.kz/lekciya_shylau_turleri_emlesi
Конспект
Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлытолғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:
1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзгежуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын.Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.
Септеулік шылау түрлерінің кестесі
Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы. | Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу. | Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі | Қатар, бірге, қабат, қоса. |
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.
3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар | Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар | Талғаулықты және кезектес қатынасты білдіретін жалғаулықтар | Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар |
Мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те | бірақ, алайда, дегенмен, әйтседе, әйткенмен | я, яки, я (не) болмаса, не, немесе, әлде, болмаса, кейде, бірде, біресе | Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті |
Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы, Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.
4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ.Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.
Сұраулық демеулік-тер | Күшейткіш демеуліктер | Шектік (тежеу) демеулік-тері | Болжалдық демеулік-тері | Болымсыз- дық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері | Нақтылау мәнді демеуліктер |
ма, ме, ба, бе, па, пе, ше | -ақ, -ау,-ай, да, де, та, те | ғана, қана, тек, -ақ | -мыс, -міс | түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш | Қой, ғой,-ды, -ді |
Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы, Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы, Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,
– Әкесісіз бе?
– Әкесімісіз?
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды, т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды