Азатшыл ақын Махамбет. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 10 сабақ


1-тапсырма.

Суретке зер салып қарап, бейнеленген тұлғаның кім екендігін болжаңыздар. Ол туралы білетін ақпараттарыңызбен бөлісіңіздер.

2-тапсырма

  • Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын болжаммен айтады.

Тірек сөздер:

3-тапсырма

  • Мәтінді мұқият оқып, кестені толтырыңыздар.

Махамбет Өтемісұлы

 Махамбет өзінің «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтса, «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние» сияқты шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.

 Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. Оның «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым» өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Жолдасы Исатай өлсе де, көтерілісті тоқтатпай, керісінше, көтерілісшілерге рухани көмек берді.

 Махамбет – сегіз қырлы, бір сырлы ел баласы. Ол «жігітке жеті өнер де аз» деп, жер бетіндегі өзіне ұнайтын өнерлерді бойына сіңірді. Қазақтың ұлттық аспаптарында да еркін ойнады. Басқа батырлардың серігі жылқы болса, Махамбеттің серігі қара домбыра болды. Ол күй де шығарды. Махамбеттің 11 күйі бізге мұра ретінде жеткен. Сол күйлерінің ішіндегі бәрімізге белгілісі – «Жұмыр қылыш». Ақынның күй шығаруы – бойында бірнеше өнердің бар екенінің дәлелі.

 „Батыр туса – ел ырысы”. Расында да, Махамбет - елі үшін туған азамат ақын. Ол қолына найза ұстап, ел қамы үшін көтеріліске шықты. Махамбетті ел қорыған батыр деп бағалау – ақынға айтылған ұлы мадақ. 

V

Білемін

+

Мен үшін жаңалық

?

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

  • Мәтінді қайталап оқыңыздар.
  • Мәтіндегі ақпараттар негізінде «Махамбет кім?» деген тақырыпта жазатын эссеге қарапайым жоспар құрыңыздар. Жоспарда эссе құрылымын сақтауды ескеріңіздер.

ДЕСКРИПТОРЛАР:

  • сурет арқылы болжам жасайды;
  • тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтады;
  • мәтіндегі ақпараттарды жіктейді;
  • қарапайым жоспар құрады;
  • құрылымын ескереді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу