Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астананың тұрғындары (1-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінді түсініп оқу, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау; Сөйлесу кезінде дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып диалогке қатысу, ойын анық жеткізу | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Демалыс орны, саябақ, сауда-саттық орны, ойын-сауық орталығы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша ..., Мен ... деп ойлаймын, себебі ... Біріншіден, ... Қорыта айтқанда, ... Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірейік, ... | |||||
Құндылықтарды игерту | Өмір бойы оқу, туған елге сүйіспеншілік, құрмет | |||||
Пәнаралық байланыс | география | |||||
Бастапқы білім | Астана – отанымыздың жүрегі | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Сергіту сәті
Қызықты ақпарат Әлемде атауы «астана» деген мағына беретін екі астана бар. Бірі – Қазақстан астанасы, екіншісі – Сеул қаласы (Оңтүстік Корея) Оқушыларға картадан осы екі астананы табу тапсырылады. Оқушылардың назарына Дүниежүзі географиялық картасы мен Қазақстан картасы ұсынылады.
Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| Дүниежүзілік географиялық картасы мен Қазақстанның географиялық картасы 1-таратпа | ||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-25 25-30 30-35 | Оқылым алды тапсырма Тапсырма сыныппен орындалады. Оқушыларға Астанадағы түрлі мәдени орындардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар білетін ғимараттары бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
Оқылым тапсырмасы Оқушыларды екі топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа бөлек мәтін береді. «Астана тұрғындары» деп аталатын мәтіндерде Қазақ Ұлттық өнер университетінің 9-сынып оқушысы Ақбике АЛҒИ және Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Әмина ҚАЙЫРБЕКОВАмен болған сұқбаттан үзінді берілген.
Жұмыс алгоритмі: - Олар топ ішінде мәтін оқиды. - Астананың әсем жерлері туралы тұсын тауып, астын сызады. - Мәтіннен «Кейіпкердің Астананы жақсы көретінін қай тұстан байқауға болады?» деген сұраққа жауап іздейді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма Екі топтың мүшелері диалог құрып сөйлесу үшін бір-бір жұп таңдайды. Мұғалім оқушыларға сынып бөлмесінің ішінде еркін қозғалып жүруге, яғни өздері қалаған жерде (партада, тақтаның, терезенің алдына, бөлменің ортасына, тек сыныптан шығып кетпеу керек) тұрып сөйлесуге мүмкіндік береді.
Диалогтың сұрағы: Елордамызды әлемге танытуда балалардың үлесі қандай?
Тапсырманың шарты:
Дескриптор:
Бағалау Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. | 2-таратпа 3-таратпа | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – басты мәселе Балалы үйрек – бірлесу Ортан терек – ойлану Шылдыр шүмек – шынайылық Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы Сабақты қорытындылау Мұғалім «Астана тұрғындары» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Сыныптағы оқушылардың өздері қарайлас жасөспірімдердің ел абыройы, оның даңқын асқақтату туралы пікірлерін мысалға ала отырып, сабақты қорытындылайды. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды