Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Астананың тұрғындары (2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.

 Сабақтың мақсаттары

Мәтінді түсініп оқу, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау;

Сөйлесу кезінде дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

 Бағалау критерийі

  • мәтін мазмұнын түсініп оиды;
  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды таба алады;
  • мәтіндегі сөз тіркестері мен кейіпкер туралы ақпараттарды пайдаланып, диалогқа қатыса алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Демалыс орны, саябақ, сауда-саттық орны, ойын-сауық орталығы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша ..., Мен ... деп ойлаймын, себебі ...

Біріншіден, ... Қорыта айтқанда, ... Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірейік, ...

Құндылықтарды игерту

Өмір бойы оқу, туған елге сүйіспеншілік, құрмет

Пәнаралық байланыс

география

Бастапқы білім

Астана – отанымыздың жүрегі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту

Біле жүр!

 

 Мұғалім оқушыларға «Біле жүр!» айдарындағы мәліметті ұсынады. Кейін бұл мәліметті диалогқа пайдалануға болатындығын ескертеді. Оқушыларға картадан осы екі астананы табу тапсырылады. Оқушылардың назарына Дүниежүзі географиялық картасы мен Қазақстан картасы ұсынылады.

 

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 

Дүниежүзілік географиялық картасы мен Қазақстанның географиялық картасы

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-35

Оқылым алды тапсырма

«Галереяны шарлау» әдісі

 Тапсырма сыныппен орындалады. Мұғалім сынып бөлмесінің қабырғаларына Астанадағы түрлі мәдени орындардың суреттері ілінеді. Оқушылар «галереяны» аралап жүріп, бір-бірімен білетін ғимараттары бойынша тәжірибелерімен бөліседі.

 

  • «Керуен» сауда орыны
  • «Думан» ойын-сауық орталығы
  • Бәйтерек
  • Хан шатыр
  • Опера және балет театры
  • Silkway сауда орыны

Оқылым тапсырмасы

«Түртіп алу» стратегиясы

 Мұғалім барлық оқушыларға екі мәтін береді. «Астана тұрғындары» деп аталатын мәтіндерде Қазақ Ұлттық өнер университетінің 9-сынып оқушысы Ақбике Алғи және Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Әмина Қайырбековамен болған сұқбаттан үзінді берілген. Оқушылар мәтіндерді түсініп оқиды, негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп алады.

Оқылым кейінгі тапсырма

«Паб куиз (Pub quiz)» әдісі

Оқушылардың оқу материалынан сұрақ құрастыра отырып және сұрақтарға жауап бере отырып меңгеруіне көмектесу үшін мұғалім осы әдісті ұйымдастырады.

Жұмыс алгоритмі:

  • оқушыларды топтарға біріктіреді;
  • әр топқа бір тақырып таратады;
  • әр топ тақырыпқа байланысты 10 сұрақтан дайындайды;
  • оқушылар шеңбер құрып отырады;
  • сұрақтарын кезекпен қояды;
  • сұрақтарға кезекпен жауап береді.

Әр топқа ұсынылатын тақырыптар:

  • Елордамызды әлемге танытудағы Ақбике Алғидың үлесі
  • Елордамызды әлемге танытудағы Әмина Қайырбекованың үлесі
  • Шетелдіктердің Астанаға деген қызығушылығы
  • Кейіпкерлердің отансүйгіштігі

Тапсырманың шарты:

  • Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды қолдану.
  • «Сергіту сәтіндегі» Астана қаласының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалану.

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;
  • мәтіннен Астана қаласы туралы сөйлемдерді табады;
  • мәтіндегі сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақ-жауапқа қатысады;
  • сөйлесуде кейіпкер туралы ақпараттарды пайдаланады.

Бағалау

Мұғалім оқушыларға «Үш минуттық эссе» жазуды ұсынады. «Үш минуттық эсседе» оқушы төмендегі үш сұрақты қамтуы тиіс:

  • Бүгінгі оқып білгеніңнің ішіндегі ең маңыздысы не болды? 
  • Қай сұрақ есіңде қалды? 
  • Сен үшін қиындық тудырған сұрақ? 

 

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Ұнады» «Сұрағым бар» «Түсінбедім»

Сабақты қорытындылау

 Мұғалім «Астана тұрғындары» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Сыныптағы оқушылардың өздері қарайлас жасөспірімдердің ел абыройы, оның даңқын асқақтату туралы пікірлерін мысалға ала отырып, сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу