Қазақстандағы көрікті жерлер. (Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№1)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

 Сабақтың мақсаттары

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін құру

 Бағалау критерийлері

  • Оқылым материалындағы негізгі ойды түсінеді;
  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;
  • Жанр ерекшелігін ескеріп, жинақы мәтін құрады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Мәңгі жырлар тақырыбы, ат әбзелдері, сөзінде тұрмау, көркіне көз тойғысыз т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мені қызықтырғаны.., жоспар құру барысында... т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік; Ынтымақтастық; Ашықтық.

Пәнаралық байланыс

География, тарих, биология.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шымбұлақ, Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі, Түркістан, Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Ақсай сынтастары, Баянауыл ұлттық паркі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

4 минут

«Шығыс Қазақстан табиғаты» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижелер хабарланады.

Бүгінгі сабақта Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер туралы айтатын боламыз.

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

https://www.youtube.com/watch?v=FfpZHauWOHc

Сабақтың ортасы

5 минут

12 минут

12 минут

4 минут

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процессі.

Жинақы мәтінді құрастыру жолдары:

Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.

Есіңде болсын!!!

Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.

Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.

Оқушыларға жинақы мәтін жасаудың жолдары түсіндіріледі.

1-тапсырма: «Конспект жазу»

1-мәтінді оқып шығып, топпен жинақы мәтін жасаудың ережелерін ескеріп, конспект жазыңыздар.

ТЖ

1- мәтін:

Берел ескерткішін ең алғаш болып 1865 жылы Вильгельм Радлов зерттеп, осы аумақтағы ең алып нысан «Үлкен Берел қорымын» ашқан.

Одан кейінгі кезекте есімі Берел ескерткіштерімен қатар аталатын зерттеуші Зейнолла Самашев. Ол алғаш қазба жұмыстарын 1998 жылы қорғанның «патшалық оба» кезеңін зерттеу барысында алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапты.  

Берел қорымынан 66 тал маралдың мүйізінен жасалған жылқы мен оның әшекейлері табылған. Маралдың мүйізінен жасалған ат әбзелдерінің ішіндегі ең негізгі бейне – грифон.

2008 жылы 4 шілдеде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ашылды. Ал, 2016 жылы Берел қорымына арнайы іссарапмен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов №2 қорымның үстіне саяхаттап келушілер бірегей археологиялық құндылықтарды жақыннан көру үшін шыны саркофаг салу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Есте сақтаңыз!

Саркофаг (гр. sarkophagus, дәлме-дәл — тән жегіш, алғашқы мағынасында — әк тасының бір түрінің аты) — ағаштан, тастан, мрамордан жасалып, әсем жазбалармен көркемделетін, ашық аспан астына, не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт.

Грифон - (Gryphon) - бүркіт басы мен арыстанның денесі бар ғажайып құстар.

2-тапсырма: «Тезистік жоспар құру»

2-мәтінді оқып шығып, топпен жинақы мәтін жасаудың ережелерін ескеріп, тезистік жоспар жазыңыздар. ТЖ

2- мәтін:

Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалар X-XI ғасырда орнатылған дейді.

Халық аңызы оларда Қозы Көрпеш, Баян сұлу және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері бейнеленген дегенді айтады. Алайда, қазірде ол тастар жоғалған. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.

Қозы Көрпеш жігіт пен сұлу Баянның бейнесі қазақ халқымен он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың биік сезімі әлі күнге дейін бөлінбей, адамзаттың мәңгі жырлар тақырыбы махаббаттың символына айналды.

Кері байланыс: Ашық сұрақтар қою арқылы өтеді

1. Жинақы мәтін жасаудың қандай жанрларын білдіңіз?

2. Жинақы мәтін жасауда қандай қиыншылықтар болды?

3. Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер туралы қай ақпарат сізді қызықтырды? Несімен?

(Топтан бірнеше оқушыны сөйлету)

http://el.kz

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/15-sauir/1329/

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу