Қазақстандағы көрікті жерлер. (Сумен емдейтін жерлер, Бурабай). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№2)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Сумен емдейтін жерлер, Бурабай)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.6.1. Мәтіндерді түзету және редакциялау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндердегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау

 Бағалау критерийлері

  • Мәтінді редакциялайды;
  • Пунктуациялық қателерді дұрыс анықтайды;
  • Орфографиялық түзетулер жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Емдеу-сауықтыру үйлері, күш-қуатын қалпына келтіру, табиғи емдік қасиеті бар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, түсінік беруге болады, себебі т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік; Ынтымақтастық; Ашықтық.

Пәнаралық байланыс

География

Осыған дейін меңгерілген білім

Бекет Ата жерасты мешіті, Ақмешіт үңгірі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

«Менің болашақтағы арманым тренингі Нұсқау: Оқушылар, өздеріңіздің болашаққа деген арман тілектеріңіз бен ойларыңызды айтыңыздар.

«Мен қазір...»

«Мен 6 айдан кейін...»

«Мен 5 жылдан кейін...»

«Мен 10 жылдан кейін...»

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелері хабарланады. Сабақта бірінші жұппен кейін топпен жұмыс жасалатыны хабарланады.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

3 минут

7 минут

5 минут

1-тапсырма: Жұппен жұмыс

Берілген мәтінді оқып шығып, абзацтарға бөліңіздер, себебін түсіндіріңіздер

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түрксіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия-ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

2-тапсырма:

Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемдерді белгілеңіз

Тұжырымдар

дұрыс

бұрыс

1

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

2

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар - табиғаты ғажап әдемі жерлер аз.

3

Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

4

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге: Түрксіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады.

5

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді -география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

6

Қазір Республикамызда 120дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

Мұғалімнің кері байланысы беріледі, дұрыс жауап тақтадан көрсетіледі.

3-тапсырма: Топпен жұмыс

Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетіңіздер.

Бурабай - жер шоктығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болғаң. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте.

 Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас - Бурабай өңіріне ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай көлі – геграфиялық атау болса, мұндағы сауқтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекенің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырмдай қашықтықта, Бурабай көлінің жағасында Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарих-мәдени орындар бар.

 

 

 

Дұрыс жауап тақтадан көрсетіледі.

http://mylektsii.ru

https://www.zharar.com/kz/shygarma/546-burabay.html

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу