Қазақстандағы көрікті жерлер. (Науырзым қорығы). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№2)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Науырзым қорығы)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.4.2.1. Орфоэпиялық норма

 Сабақтың мақсаттары

Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану

 Бағалау критерийлері

  • Екпін түрлерін дұрыс ажыратады;
  • Сөз екпінін, тіркес екпінін, логикалық екпінді, ой екпінін дұрыс белгілейді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Бетегелі-жусанды алқап, топырағы құмайтты, ғажайып сұлулығы еліктіреді, күмістей жылтыраған ағаштар, бірегей үйлесім, құстар патшалығы т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Топпен ақылдаса келіп, менің айтар ойым т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік; Ынтымақтастық; Ашықтық.

Пәнаралық байланыс

География, биология

Осыған дейін меңгерілген білім

Сумен емдейтін жерлер, Бурабай.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

«Науырзым қорығы» туралы слайдтан көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбын болжау арқылы сабақтың тақырыбы айтылады, мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.

Оқушылар қаламдары арқылы төрт топқа бөлінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=Ayz1x7MruEs

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Ауызша әдеби сөйлеу тіліне сөзді орынды қолдану, сөзді дұрыс айту, екпінді дұрыс қою және т.б. ерекшеліктер тән. Орфоэпия гректің «orthos» (дұрыс, тура) және «epos» (тіл) деген екі сөзінің бірігуінен жасалған, қазақ тіліне аударғанда «дұрыс айту» деген мағынаны білдіреді. Орфоэпия ауызша сөйлеу тілінің ерекше құбылыстарын зерттейді, нақтырақ айтқанда, жазба тілде, әдетте, көрініс таппайтын дұрыс айту нормалары мен екпінді қарастырады.

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Дыбыс екпіні – көк түс; Сөз екпіні – қызыл түс; Тіркес екпіні – сары түс; Ой екпіні – жасыл түс.

Екпін туралы түсінік берілгеннен кейін Қостанай облысындағы көрікті жерлердің бірі – Науырзым қорығы туралы мәтіндер төрт топқа бөлініп беріледі.

1-топ:

Қазақстанның көрікті жерлерінің галереясында жазық далалы, бетегелі-жусанды алқапта орналасқан, 80 жылдан астам тарихы бар байырғы Науырзым қорығының алатын маңызы зор. 1931 жылы ұйымдастырылған бұл мемлекеттік қорық Қостанай облысының Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан.

Оған Тірсек, Сыпсың, Науырзым орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді.

Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі өседі, жануарлар дүниесі де бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.

2-топ:

Науырзым қорығы - республиканың солтүстiгiнiң басты және бiртума табиғи кереметтерiнiң бiрi. Қарағай ормандардың ғажайып сұлулығы еліктіреді, бірде күн шуағымен күмістей жылтыраған ағаштар, бірде оларды күңгірт басып алакөлеңкеге айналады. Тұмса жайлауды көктемде көкжиекке дейін таңғажайып гүлденген кілем басады, ал мамыр айында оның бетінде Шренк лалагүлдері пайда болады. Сонадайдан меруерттей үлкен және шағын айнакөлдер толқынданып, күмістей жарқырайды. Ғалымдар тілімен айтқанда, жайлаулы Қазақстанның табиғат кешендерінің эталоны, орман, жайлау және су-батпақ ландшафтарының бірегей үйлесімі.

Наурызым қорығының эмблемасы - аққу. Қорықтың символы бүркіт те бола алар еді - мұнда олардың 30 жұбы мекен етеді.

3-топ:

Қорықтың бірегейлігі - оның су-батпақты жерлері құстардың ең мықты миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары, балшықшылары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді.

Жыртқыш құстар бойынша маман, орнитолог Тодд Катцнер Науырзымда жыртқыш құстардың тығыздығы әлемдегі ең жоғары екендігіне сенімді. Тодд бүркіттерді зерттейді, барлық ұяларын бес саусағындай біледі, әрбір құспен жеке таныс секілді, қорықтың өз адамына айналды. Өз зерттеулерінің нәтижелерін, бүркіт фотосуреттерін ғылыми журналдарда жариялайды және Қостанайға ұшып келу үшін маусымның басталуын асыға күтеді.

Науырзым қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Шетел ғалымдары қорықтың бірегей табиғатын зерттеуге үлкен қызығушылық танытып отыр.

4-топ:

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұра мәртебесін алған Қазақстандағы қорықтың бірі. Ақын тілімен айтсақ, ұшқан құс, жүгірген аң мекені. Көне қорық аумағында өсімдіктің 700-ге жуық түрі бар. Бүркіт, ақсұңқар, қарақұс, дала қырандары сияқты жыртқыш құстардың топтасқан, тығыз орналасқан жері де осы - Науырзым. Бірегей табиғи кешен - зерттеуші ғалымдар үшін таптырмас құнды қазына.

Науырзым қорығы - үнемі зерттеулер жүргізіліп келе жатқан аймақтардың бірі. Болашақта Науырзым қорығында бірыңғай биосфера аумағын ұйымдастырып, оның ғылыми-экологиялық маңызын арттыра түсудің пәрменді шараларын қолға алу қажет-ақ.

Кіріспе тапсырма: Мәтінмен танысып шығыңыздар. Мәтінде қажет деп тапқан жерлерге топта ақылдаса отырып, дыбыс екпінін қажетті түспен белгілеңіздер.

Тапсырманы қалай орындап шыққанын мұғалім бір қарап шығып, кері байланыс береді.

Негізгі тапсырма: 1) Мәтіндегі сөз екпінін тауып белгілеңіздер; 2) тіркес екпінін тауып белгілеңіздер; 3) Ой екпінін тауып белгілеңіздер. Қажетті түстермен белгілейді.

Топтардың жауап парақтары сағат тілімен алмастырылып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Әр топқа кері байланыс беріледі.

Қорытынды тапсырма: Мәтіннен үш хабарлы сөйлемді таңдап, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар. Сұраулы сөйлемдерге айналдыру барысында екпінді қоюда қандай ерекшелік байқағандарыңызды айтыңыздар.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалімнің кері байланысы беріледі.

http://engime.org/aza-tili

https://www.inform.kz/kz/

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды...................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім. Мен...................................... жасай алдым.

(Топтан таңдап , бір оқушыны сөйлетуге болады)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу