Жануарлар әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, қалыптастырушы бағалау. 5 сабақ


Қалыптастырушы бағалау

Пән:

қазақ тілі

Сынып:

5

Бөлім/Тақырып

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Оқыту мақсаты

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

Ойлау

дағдыларының

деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұнын түсініп, ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Тапсырма

Сұрақтар түрі

Құрастырылған сұрақтар

Қарапайым сұрақтар

Анықтауыш сұрақтар

Түсіндірмелі сұрақтар

Оқылым тапсырмасы. Төмендегі мәтінді оқып, мәтін негізінде төмендегі кестедегі 3 сұрақ түріне сай сұрақтар құрастырыңыз. http://massaget.kz/layfstayl/debiet/ertegi/6265/ сайтындағы ертегі оқуға ұсынылады.

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл:

- Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді.

Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі.

Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

Бағалау критерийі

«Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?» мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады

Дескриптор:

  • Мәтінді түсінеді;
  • Қарапайым сұрақтар құрастыра алады;
  • Анықтауыш сұрақтар құрастыра алады;
  • Түсіндірмелі сұрақтар құрастыра алады;
  • Сұрақ құрылымын ескереді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу