Хат жазамыз презентация
Қазақ тілі
3-сынып 8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениетіСабақ тақырыбы №2-сабақ. Хат жазамыз(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 3-сынып. НЗМ ДББҰ, 2018 ж.)Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыева А.Т.
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оқу мақсаты
өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
мұғалімнің көмегімен сызбаға қарап, хат жазу;
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Бағалау критерийлері
өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;
мұғалімнің көмегімен сызбаға қарап, хат жазады;
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді
Ішкі және сыртқы шеңбер
Анамызды таныстырайық!
Талқылау
Кімнің таныстыруы ұнады? Неліктен?
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру. Бағалау критерийлерін белгілеу, бағалау кестесін таратып беру.
Сергіту сәті
Галкина И.А.Электронные физминутки для глаз
https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4
Анама хат
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен - ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз.
Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.
Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыны үйретіп, жаманға жолаттырмайсыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз.
Мейірман анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі бисмилләмді айтып, жақсы адам болуға тырысып жүрмін.
Дархан анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма үлгі болуға талпынамын.
Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін!
Ұлыңыз Нұрсұлтан
http://bilimdiler.kz/okushi/12028-anama-hat.html
Сәлем хат
Шығармашылық жұмыс
Р – өз рөлін белгілеу (бауыр, ересек аға/апа, журналист, )
А – аудитория, кімге арналады (балаларға, достарға, ересектерге)
Ф – қандай формада (хат)
Т – тақырып: Анамызды құрметтейік
Өзіндік бағалау
Үй тапсырмасы
Ана туралы өлең тауып жаттау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?