3- сынып_7-бөлім_ Су- тіршілік көзі_Негізгі және туынды сын есім_ Презентация


Қазақ тілі 3- сынып

Тарау аты Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы

103 сабақ. Негізгі және туынды сын есім

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, Г. Т. Сәдуақас Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған Калимова З.Б.

Сабақтың мақсаты

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;

– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Мен қандаймын? ойыны

Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады.

Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Мират - мейірімді, Азат - ақылды, Заир - зейінді т.б

Сұрақтар

1 топ

- Мұрат қайнарды қандай белгілеріне қарап тапты?

- Мұратқа қайнарды табуға бойындағы қандай қасиеттері көмектесті?

2 топ

- Бұлақ суының адамға қандай пайдасы бар?

- Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?

3 топ

-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?

-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?

4 топ

- Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

-Мұрат не себепті ойпаң жерді қазуғ кірісті?

Сызба

Негізгі

Туынды

Сын есім

Шығармашылық тапсырма

Берілген зат есімдерге – дай, -дей жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Рефлексия

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Сен

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бересің;

-сөйлемнен сөз таптарын таба аласың;

– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайсың;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, көркем жаза аласың;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу