2.Қазақ тілі_3- сынып_7-бөлім_ Су- тіршілік көзі_3- сабақ__ Сауатты жазайық!_ Презентация


Қазақ тілі 3- сынып

Тарау аты Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы

3 сабақ. Сауатты жазайық!

Құрастырған Калимова З.Б.

Сабақтың мақсаты

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Ойлан, су не үшін қажет?

Су

Суда жүзу

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет.

Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп,өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, демалысқа өте пайдалы. Мұның бәрі жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді.

    Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Ол үшін алдымен жүзіп үйрену қажет.

 Суда жүзудің көптеген спорттық әдіс- тәсілдері бар.

Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.

    Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Суда жүзудің пайдасы – адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.

Сауатты жазайық!

Түсіндірме диктант

Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп,өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады.

Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді.

Ойлан, тап!

Сөздер ауыспалы және тура мағынасында қолданылады ( иә немесе жоқ)

Антоним мағынасы жуық сөздер ( иә немесе жоқ)

Омоним сөздердің мағыналары бір – біріне қарама- қарсы( иә немесе жоқ)

Ірі –ұсақ мағынасы қарама - қарсы сөздер ( иә немесе жоқ)

Мағынасы жуық сөздер -синоним сөздер( иә немесе жоқ)

Құлақ қойған жоқ – тыңдамады ( иә немесе жоқ)

Көз ұшында – жақында ( иә немесе жоқ)

Ойлан, тап! «ИӘ», «ЖОҚ»

- Сөздер ауыспалы және тура мағынасында қолданылады ( иә немесе жоқ)

- Антоним мағынасы жуық сөздер ( иә немесе жоқ)

- Омоним сөздердің мағыналары бір – біріне қарама- қарсы( иә немесе жоқ)

- Ірі –ұсақ мағынасы қарама - қарсы сөздер ( иә немесе жоқ)

- Мағынасы жуық сөздер -синоним сөздер( иә немесе жоқ)

- Құлақ қойған жоқ – тыңдамады ( иә немесе жоқ)

- Көз ұшында – жақында ( иә немесе жоқ)

Өзін-өзі бағалау.

Бағалай критерийлері бойынша қысқаша хабарлама жазу.

Менің сабақтығы жетістіктерім..

Мен ... дамытуды қолға аламын.

Сен

- тура және ауыспалы мағыналы сөздерді сөйлеу барысында қолдана аласың;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, жауап бересің;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзете аласың.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу