1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_86-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

86 сабақ. Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжай алады;

-үлгі бойынша негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және мұғалімнің қолдауымен жауап береді;

- ережеге сүйеніп негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

-мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжай алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

- негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

-мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжай алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • негізгі және туынды етістікті ажырата алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Негізгі және туынды етістік, құрдас, үміт ақтар.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: - Қандай атақты тұлғаларды білесің?

  • Әкесі қандай мақсатта баласын оқуға апарып берді деп ойлайсың?

Құндылықтар

Өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу. Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы етістік екенін, етістіктерге қойылатын сұрақтарды, етістіктің дара, күрделі болып бөлінетінін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

(Ұ,Т) Білімді бекіту.

  • Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі).

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Әр топқа төрт сөйлемнен ұсынылады. Олар топтасып сөйлемдердегі етістіктер түрін анықтайды.

І топ.

1. Күздің алғашқы айы. 2. Әзімбек Жер планетасы туралы энциклопедиядан оқып білді. 3. Қоян қар үстінде секеңдеп жүре береді. 4. Айгүл досына хатты электронды пошта арқылы жіберді.

ІІ топ.

1. Аспан бұлттанды. 2. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады.3. Үздік оқушылар эстон еліне саяхатқа барады. 4. Алмұрт – жапырағы түсетін ағаш.

ІІІ топ.

1. Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді. 2. Тігін фабрикасынан әкелінген жаңа киімдер дүкендерде сатылады. 3. Екі қария Фурманов көшесінде асықпай әңгімелесіп келеді. 4. Қолында су жаңа портфелі бар Фархат мектеп табалдырығын қуана аттады.

ІV топ

1.Нағыз жүргізуші мейлінше сабырлы да сақ болуы тиіс. 2. Гүлсім жиынға ақ кофтасын киіп барды. 3. Балалар сыныпқа жүгіріп келді. 4. Алмұрттан тосап қайнатады.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

 

Сабақтың ортасы

7 мин

1мин

5 мин

1мин

6 мин

6 мин

4 мин

3.2.3.1 (МК; Ж; Қ) 11-жаттығу.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып, бір-біріне қою.

«Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Сұраққа жауап беретін жұптың сыңарлары шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын жұптың сыңарлары оларды қоршап тұрады. Қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Шеңбердің ішіндегі және шеңбердің сыртындағы оқушылар орындарымен ауысады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

Дескриптор:

  • пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;
  • сұрақты мәтін мазмұнына сәйкес құрайды.

2-тапсырма. (Т; Қ) Мәтіннің бөліктерін анықтап, әр бөлікке ат қою. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мәтіннің бөліктерін анықтап, ат қояды. Жұмыстарын топта жариялайды.

Көркем жазу: Ил, Ир, ив, ин, Ша, Ши, Пе – әріптерінің байланысын жазғызу.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) 11-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап жазады.

Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы парталас досына әңгімелеп береді.

Дескриптор:

- сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы парталас досына үш сөйлеммен әңгімелеп береді.

Сергіту сәті. Дене қимыл жаттығулары.

3.1.2.1 (МК; Ұ; Т; Қ) Сурет мазмұнын болжау. Әлидің күнделігін оқу. Өз пікірін білдіру.

12-жаттығу. Сурет мазмұнын болжайды. Әлидің күнделігін оқиды. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Күделіктің дұрыс жазылған, жазылмағандығы туралы талқылаулар жасап, өз ойларымен бөліседі. Әлиге қандай кеңес беруге болатынын талқылайды. Жұмыстарын сынып алдында жариялайды.

3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстыру. Сөз құрамына талдау. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтау.

13-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстырады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтайды.

Дескриптор:

  • етістіктерді сөз құрамына дұрыс талдайды;
  • түбірі зат есімнен болған етістіктерді дұрыс анықтайды.

Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіледі.

3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мақалды жатқа жазу. Етістіктерді тауып, астын сызу. Туынды етістік екенін дәлелдеу.

14-жаттығу. Мақалды үш рет оқып, жатқа жазады. Етістіктерді тауып, астын сызады. Туынды етістік екенін дәлелдейді.

 

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақтың мақсатына оралып, қорытынды жасалады.

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау. «Хабарлама» әдісі. Бағалай критерийлері бойынша қысқаша хабарлама жазу.

Менің сабақтығы жетістіктерім...

Мен ... дамытуды қолға аламын.

Үйге тапсырма: 15-жаттығу. Ағаш бұтақтарындағы етістіктерді теріп жазады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Етістіктердің түбірі қай сөз табына жататынын анықтайды.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойында сөйлем құруға, айтылымға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Өзара бағалау, «Хабарлама» әдісі. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау.

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу