Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» зерттеу_ҚМЖ_Жарылғасова Ж


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп:

Сынып:3

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 Жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;

-үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;

Оқушылардың көбі:

-жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;

-сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;

Оқушылардың кейбірі:

-жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады

-сөз құрамында э, ф, в, ц әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады

 Бағалау критерийлері

- сюжетті суреттер арқылы шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- э, ф, в, ц дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазады.

 Сөздік қор

 

Мәтін құрастырып жазу және баяндау барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды, сауатты жазуға дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

Жануарларға қамқор болуға, еңбексүйгіштікке үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтырумен байланыс болады.Әдебиеттік оқу, жаратылыстану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдануы

Алдыңғы меңгерілген білім

Шағын мәтінді жетілдіруді үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

1.(Т) Оқушылар әріптер бойынша топқа бөлінеді: э, ф, в, ц әріптері. Оқушылармен «Кім шапшаң?» ойыны ойналады. Әр топқа мұғалім сұрақтар қояды. Әр сұрақтың жауабында таңдап алынған әріп кездеседі. Оқушылар э, ф, в, ц әріптерін қайталайды. Оларды дұрыс айтуға жаттығады. Басқа дауыссыз дыбыстардан ерекшелігін ажыратады. В мен ф дыбыстарының ерекшеліктерін салыстырады.Бұл әріптердің жазылуын еске түсіреді (слайд). Соңында қорытынды шығарады. э, ф, в, ц әріптері басқа тілден енген сөздерде жазылады.

Бұл тапсырмадан кейін мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

2.(Жұптық) 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу. «Сүйеніп отыру» диктанты жүргізіледі.

Оқушылар диктантты жұптасып орындайды. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген  дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.

1-жұп

Автобус, Вова, мультфильм, микрофон,

циркуль, концерт,Эльмира, эскимо.

2-жұп

Волейбол, аквариум,асфальт, лифт,цифр,

энциклопедия, электр, экскаватор.

Қабілетті оқушыларға құрамында э, ф, в, ц әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

Дескриптор:

- құрамында э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазады;

- көркем жазады.

э, ф, в, ц әріптері

https://cf.ppt-online.org/files/slide/p/pJ120CBPSs6jdqLnyU7THgt8rFOkzvlEbYIKR9/slide-29.jpg

Қосымша №1

Қосымша №2

Сабақ ортасы

20 минут

(Ұ) Сергіту сәті. Оқушылар тақпақтап, жаттығу жасайды.

Ал,балалар, бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«Э» дегенде экран болып жанайық,

«Ц» дегенде циркуль болып шеңбер сызайық,

«В» дегенде вагон болып тізіліп, тұра қалайық.

«Ф» дегенде белге қолды қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

3.3.1.1 Жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу. (Т) Әр топқа бір суреттен таратылып беріледі. Оқушылар суретте не туралы әңгіме болуы мүмкін екенін шешіп, ол әңгімені суреттейтін бірнеше сөздерді жазып шығады.Топтың бір мүшесі жазбалар жасап отырады. Стикерлерді қолдануға болады.Талқылауға уақыт беріледі. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын ораға шығып қорғайды. Суретке қатысты тірек сөздерін тақтаға іледі.Содан соң төрт сурет қатар ілінеді. Жоспар құрылады. Берілген жоспар мен көмекші сөздерге сүйеніп, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазу тапсырылады.

Жоспар

1. Фатиманың аквариумы

2. Аквариумдағы судың лайлануы

3. Аквариумды тазарту жолын іздеу

4. Аквариумды тазарту

Қабілетті оқушылар суреттерді пайдалана отырып, шағын мәтін жазады. Қабілеті орташа оқушылар оқиғалардың ретін сызбаға сүйене отырып құрастырып жазады.

 

Қабілеті төмен оқушылар ретімен берілген суреттер бойынша сөйлемдер жазады.

Мұғалім қосымша тірек сөздерін береді: аквариум, лайланды, аңғару, энциклопедия, тазарту, сүзгімен алу, ұсақ тастар,кішкентай балықтар, шөп, бақалшақ, жем, қуану.

Дескриптор:

- сурет бойынша шағын мәтін құрап жазады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- сөйлемді сауатты жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Суреттері бар карточкалар,

сызба.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Жазу қабілеті жоғарылау оқушылар әңгімедегі оқиғаны әңгімелеп жазу үшін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып, күрделі сөйлемдер жазады.

Оқушылардың

- әңгімедегі оқиғаны баяндау үшін сөйлем құрай алуы;

-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтауы;

- жүйелі баяндауы;

- сауатты жазуы

бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу