3. Қазақ тілі_3 сынып_2_бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Фф дыбысы_Дидактикалық материал


2-тарау. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Фф дыбысы

Қосымша №1

Мәтін

Аман мен телефон

Асан ағайдың Аман деген баласы бесінші сыныпта оқиды.Оның бір жаман әдеті- мектептен үйге келген бойда телефонның құлағына тыныштық бермейді.Өзі секіріп ойнап тоздырған орынжайға жатып алып, Досан досымен ұзақ сөйлеседі. Міне, ол:

  • Аллооо! Досан! Есебіңді шығардың ба? – деп, орынжайға шалқасынан жатып алып,таңқыш танауын аспанға көтереді.
  • Есепті шығардым, оны сенің дәптеріңе көшіріп қойдым, - деп, Досан мақтанып, маңғаздана жауап берді.

Аманның ағасы Ақай інісінің кесірленіп жатқанын көріп қалып:

  • Телефонмен жатып алып сөйлескенің – әдепсіздік қой, - деп кейіді.
  • Көке, кедергі жасамаңыз!- деп, Аманның алакөзі шарасынан шығып кете жаздады.
  • Үйге берілген тапсырманы Досанға орындатқаның – жалқаулық қой, балам деп, Анар ана қабағын түйді.
  • Мен жалқау емеспін!- деп, Аман қолын бір сілкіп, телефон тұтқасына жармаса түсті.
  • Телефонның кесірінен оқудағы үлгерімің бір жақсармай қойды, - деп, Асан ағай кейіп жүр.

Ал Аман кейімейді. Өйткені онда әдеп пен намыс жоқ.

Әдібай Табылды.

Қосымша №2

Бағалау критерийі

Ия

Аздап көмек қажет

Жоқ

Сөз құрамында ф дыбысын ажыратып, сауатты жаза аламын

Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламын

Көркем жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу