Аңыз-ертегілер оқимын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аңыз-ертегілер оқимын

Құмырсқаның қанағаты(ертегі)

Оқу

мақсаттары

2.2.8.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.4.2.1 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру

 Сабақ

 мақсаттары

Ертегіні оқып, негізгі идеясын және кейіпкерлерін анықтайды. Кейіпкерлеріне сипаттап, іс-әрекеттеріне баға береді.

Бағалау

критерийлері

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды.

Сөз таптарын ажыратады.

 Сөздік қор

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті,ертегі мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану,ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім оқушылардың 5-бөлімдемеңгерген білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдердің мазмұнын айтып және өздігінен сөйлемдер құрастыруды білуі тиіс.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Қызыл, сары, ақ добым,Әрі-бері жүгірдің.Қателеспей тезірекЕкі-екіден тізілдің

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?

- мәтіннің кейіпкерлерін анықтай аламыз;

-кейіпкерлерді сипаттай аламыз;

-сөз таптарын ажыратамын;

Қандай сұрағына жауап беретін сөздер

Не істеді сұрағына жауап беретін сөздер

Неше сұрағына жауап беретін сөздер

Не деген сұраққа жауап беретін сөздер

«Ақпарат жина»

Қатар бойынша топтарға бөліну

Әр қатар сынып ішінен ақпарат жинайды. Қорытындысын айтады.

Мысал: Кішкентай жиырма құмырсқа санадым. Мен

Суреттер,

тірек сызба, жұмбақ

Сабақтың ортасы

5-35 минут

Мұғалім:.Құмысрсқа жайында не білеміз? (3 минут)

(Ұ,МК)Сөздік жұмыс:

Мақсаты: Сөздің мағынасы жайлы оқушылардың түсініктерін анықтау. Сөздік қорын молайту.

-Балалар, қанағатшыл деген сөзді қалдай түсінесіңдер?

Қанағат-барға риза болу,үнемдей білу,жоққа шыдау ,қарын тойғызады,ең асыл қасиет.

 Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен.

 Бір күні әлгі данышпан кішкентай құмырсқалардың дән тасып жүргенін көреді. Бір құмырсқаны жерден көтеріп алады да алақанына салып тұрып:

– Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.

– Илеуіме апарамын, – дейді құмырсқа.

Адам сұрайды:

– Оны қайтесің?

– Кейінге сақтаймын, – дейді құмырсқа.

Адам:

– Көп жинайсың ба? – деп сұрайды.

Құмырсқа өз шаруасының жайын былайша баяндайды:

– Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да қыстыгүні тынығып жатамын.

Данышпан құмырсқаны шыр айналдыра қарай бастады:

– Басың неге үлкен?

– Аз сөйлеп, көп ойлаймын.

– Белің неге қылдырықтай?

– Қомағай емеспін.

– Жылына қанша дән жейсің?

– Бір дән жеймін.

– Соған қанағат етесің бе?

– Одан көп жей берсем, жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат керек қой!

Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты:Мәтінді оқу арқылы мазмұнын ұғындыру. Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.

Рөлге бөліп оқу

 Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дән салады да құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады.

– Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, – дейді, данышпан құмырсқаға ескертіп. Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді.

 Бір жыл өткен соң, данышпан әлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен. Қасына қалдырған жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан:

– Ей, құмырсқа, – депті, мұның себебін білмек ниетпен. – Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді неге түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен сонша үнемдедің?

Сонда құмырсқа былай депті:

– Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң, мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап, қанағат еттім.

 Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа салғанын енді түсініп:

– Менің істегенім дұрыс болмапты, кешір! – депті де құмырсқаны қамаудан босатып жіберген екен.

Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін адам баласына үйретіпті.

(Ұ,Қ)Сұрақ-жауап

Мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясы мен автордың айтайын деген ойын анықтау арқылы оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту.

-Ертегінің негізгі кейіпкерлері кім?

-Ертегі неліктен «Құмырсқаның қанағаты» деп аталған?

-Құмырсқаның түрі туралы не айтылған?

-Құмырсқаның бойында қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?

-Ертегінің қай кейіпкері ұнады?

-Бұл ертегіде қандай үлгі алуға болады?

Сергіту сәті: Балалар құмырсқаның қимылын келтіріп сергіту сәтін жа-сайық.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

(Ө,Қ)Дәптермен жұмыс.

Тапсырма:Құмырсқаны сипаттап жаз.Оның түрі мен мінезін, іс-әрекеттеріне баға бер.

Қанағатшыл, ақылды, иісшіл, ұйымшыл, пайдалы, еңбекқор, қайратты

(Т,Қ;Ұ)Бес жолды өлең құрастыру

Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы, сабақта алған білімдерін бекіту.

Не?құмырсқа

Қандай?еңбекқор,үнемшіл

Не істейді? Еңбектенеді,жүреді,шағады

Сөйлем: Құмырсқа азығын жазда жинайды.

Мәндес сөз:Жәндік

Тірек сызба

Слайд

Үлестірмелі парақтар

Өлең жолдары

Жұмыс дәптерлері

А3 парақтарында жазылған сұрақтар

Сабақтың

Соңы

35-40 минут

Сабақты қорытындылау

Адам болам десеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз. Абай.

-Сонымен балалар құмырсқаның қанағаты ертегісін оқи отыра, көңілімізге не түйдік?

— адамгершілік қасиеттерді, шешендігін, тапқырлығын, еңбекқорлығын, ынтымақтығын, қанағаттылығын білдік.

Абайдың өлең сөздері

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Қабілеті жоғары оқушылар мен қабілеті төмен оқушылар топта бірігіп жұмыс істейді.

Ертегіні рөлге бөліп оқиды.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгін сабақта ... білдім

Маған ... қызықты болды.

Маған сабақта қиын болды, өйткені..

Бүгінгі  сабақтан  алған  әсерін, жетістігін  айтып, өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  беру.

Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу