Қазақ тілі және әдебиеті 2сынып 2 бөлім Менің отбасым және достарым. Өмірбаян оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 2А

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Қатысқандар:19

Қатыспағандарсаны: 0

Сабақ тақырыбы

2 бөлім Менің отбасым және достарым

Тақырып: Өмірбаян оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

Көптеген оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.

 Жетістік критерилері

оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады;

оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып, жауап бере алады

ооқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.

 Сөздік қор

өмірбаян

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану сабағымен баланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сұхбат аламын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

(Ұ) Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз

Сабақ ортасы

ОМ таныстыру.

Мәтінді буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқуды үйренесің.

Кел сөйлесейік!

(МК; Ө)

Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Бүгінгі тақырып кім туралы болмақ?

Жаңа сөздермен жұмыс

Атақты спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірбаянымен таныстыру. Мәтінді түсініп оқуын қадағалау.

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.Өмірбаянды сыныпта дауыстап оқу. Оқушыларға сөздерді оқу тәсілдерін көрсетіп, оларды өз беттерінше қолдануға үйрету. Таныс емес сөздермен жұмыс жасау әдістерін қолдануларын қадағалау. Тақырыпқа байланысты әңгімелер, тақпақ-өлеңдер айтып, оқушылардың қатысуына мүмкіндік туғызу.

Үйретілген тақпақ, өлеңдер, әңгімелерді бірнеше рет қайталап айтқызу

СӘЛЕМ САҒАН, КҮШ-АТАМ! Заңғар таулар жотасын Мен өзіңе ұқсатам. Танымайтын атасын Сәлем саған, күш-атам! Күтіп талай батыр сын, Деп тұрғанда белдесем, Қалай сыйып жатырсың Мына қара жерге сен.

(Ж;Қ) Отбасы және белгілі бір тұлғаның өмірі жайында кітаптар мен өмірбаяндар топтамасын жасау

Оқу қабілеттеріне қарай оқушыларды жұппен отырғызу. Берілетін өмірбаян әр жұптың деңгейіне сай келуін ескеру.

Оқулық:

 http://massaget.kz/layfstayl/sport/tulalar/50/

Презентация дидактикалық материалдар

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту.

Кері байланыс:

Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла

Отбасы және белгілі бір тұлғаның өмірі жайында кітаптар мен өмірбаяндар топтамасын жасау тапсырмасы дифференциациялық тапсырма ретінде ұсынылады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.

Мәтінді түсініп оқуын қадағалау.Таныс емес сөздермен жұмыс жасауын , отбасы және белгілі бір тұлғаның өмірі жайында кітаптар мен өмірбаяндар топтамасын жасау тапсырмаларын орындау барысын бақылау арқылы оқушыларды бағалау жұмысы жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу