Жұлдыздар әлемі. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары: Физика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Космология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Жұлдыздар әлемі.

Осы сабақта қол жеткізілетін ОМ (оқу бағд. сілтеме)

11.9.1.1-жұлдыздар жарықтың жарқырауы бойынша жіктелетінін және келесі ұғымдармен сипатталатындығын түсіндіру: көрінетін жұлдызды шама және абсолюттік жұлдызды шама

Сабақ мақсаттары

  • Оқушыларға жұлдызға дейінші қашықтық туралы түсінік беру.
  • Көзге көрінетін жұлдыз шамасының анықтау
  • Әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, көрінетін және абсолюттік шаманы табу.

Жетістік критерийлері

  • Көзге көрінетін жұлдыз шамасы анықтамасын біледі
  • Нысан 10 парсек қашықтықта тұрғанда көзге көрінетін жұлдыз шамасын, сонымен қатар абсолюттік жұлдыз шамасының анықтамасын біледі.
  • Әртүрлі дереккөздерді пайдаланады, көрінетін және абсолюттік шаманы табады

Тілдік мақсаттар

Тілдік қорына, ойларын дұрыс жеткізуіне,монологтық және диалогтық сөйлеу білігін дамытуға көңіл бөлу. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде жазып, қорытынды жасай алады

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

спектр

спектр

spectrum

Аса алыптар

Гиганты

giants

Алыптар

Гиганты

The Giants

Негізгі тіздек

Главная tizdek

Home tizdek

Ақ ергежейлер

Белый карлик

White dwarf

Диалог құруға және жазбаша жұмысқа арналған пайдалы сөйлемдер:

Жұлдыздар сутегі мен гелийден тұратын аса ірі аспан денесі. Жұлдыздардың сипаттамалары:

  • Жұлдыздардың жарқырауы
  • Беттік температурасы
  • Радиусы
  • Химиялық құрамы
  • Массасы.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету). Оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің өздеріне қажеттісін саралай алады, қолдана алады.

Бастапқы білім

Астрономия

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

  • Ғылыми көзқарастың кеңейуіне жағдай жасайды
  • Көзге көрінетін және абсолюттік шаманы біле отырып, жұлдызға дейінгі қашықтықты талқылайды.
  • Масса – жұлдыздардың маңызды сипаттамасы ол жұлдыздың жарықтылығымен байланысты екенін түсінеді

Сабақ барысы

Уақыт кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезені

«Ой қозғау»

W - толық сыныппен жұмыс

Галактика

Біздің ғалам

Космонавтика

Космогония

Космология

жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары

шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі

әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді

бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім

аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді

Берілетін түсініктер: астрономияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.

презентация

Ойлану / ақпарат

6-20 мин

21-35 мин

Сұрақ: Жұлдыздар дегеніміз не?

Күтілетін жауап: сутегі мен гелийден тұратын аса ірі аспан денесі

Сұрақ: Жұлдыздардың қандай сипаттамалары білесіңдер?

Күтілетін жауап: Жұлдыздардың жарқырауы, беттік температурасы, радиусы, химиялық құрамы және массасы

1-тапсырма

Мұғалім әрекеті:

«Жұлдыз қалай пайда болды?» деген жалпы тақырыпқа ендіру үшін арналған сұрақ ортаға тасталады.

1-тапсырма бойынша оқушылар жұптарымен ақпарат көздерін пайдаланып сұрақ шешімін іздеп, басқа жұптармен ақпарат алмасады.

Теориялық мағлұмат

Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.

 Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін көрінерлік жұлдыздық шама ұғымы пайдаланылады.

 1.Жұлдыздық шама

Бұл ұғым бұрын енгізілді. Жұлдыз-жалтырлығы –одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.

Екі жұлдыздың жалтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:

Погсон формуласы:

Егер жұлдыздың жарықтығы Күндікімен салыстырғанда

болса

Е-жұлдыз жалтырлығы

Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады.

М-абсолют жұлдыздық шама.

m-көрінерлік жұлдыздық шама.

R-жұлдызға дейінгі қашықтық.

 Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер.

 

 Жұлдыздың үздіксіз спектрде шығарытн ең көп мөлшердегі энергиясына сәйкес келетін толқын ұзындығы:

 .

 Жеке жұмыс

 Тест жұмысы

1.Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады?

а)Жұлдыз                                  

в)Шоқ жұлдыз

с)Көп жұлдыз                            

д)Көкжиек

2.Аспанда неше шоқ жұлдыз бейнеленген?

а)98                                              

в)89

с)88                                             

д)78

3.Радиусы анықталмаған Жорамал сфера деп нені айтады?

а)Аспан сферасы                       

в)Аспан кеңістігін

с)Аспан ауасын                         

д)Жер сферасын

4.Кез-келген планетаның күнді айналу периодтары квадраттарының

   қатынасы олардыңорбиталарының үлкен жарты осьтерінің

    кубтарының қатынасына тең.Бұл Кеплердің нешінші заңы?

А)1 заңы 

б)2 заңы  

с)3 заңы   

д)4 заңы.

5.Өз құрлымы мен құрамы болмайтын бөлшекті қалай атайды?

а)құрылымсыз бөлшек                        

в)құрамсыз бөлшек

с)элементар бөлшек                            

д)болымсыз бөлшек

6.Әлем кеңестігінен келетін энергиясы аса үлкен  бөлшектерді қалай атайды?

а)ғарыш сәулелері                                 

в)сәулелер

с)кеңістік сәулелері                             

д)әлем сәулелері

7.Көк жүзінде күндіздің өзінде көзді ұялтып,кенеттен пайда болатын жұлдыздарды қалай атайды?

а)жылдам жұлдыз

в)жылтыр жұлдыз

с)әсіре жаңа жұлдыз

д)алдамшы жұлдыз

8.Пульсар қандай жұлдыз?

а)нейтрондық жұлдыз

в)электрондық жұлдыз

с)протондық жұлдыз

д)ядролық жұлдыз

 

Оқушылар хабарламасы

презентация

Презентация

№1

Үлестірме материал

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия

Үйге тапсырма

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнату арқылы бүгінгі қорытындылау.

Физика дегеніміз-материяның ең қарапайым қозғалыс түрлері туралы ғылым.Сендер оны  оқып-үйрендіңдер енді бізді қоршаған әлемнің және табиғаттың жалпылама заңдары жөнінде көзқарастар қалыптасты.Әлем бірлігінің ғажайыпта өте күрделі бейнесі бірте-бірте анығырақ көріне бастады.Әлем дегеніміз бір бүтіннің әртүрлі және сан қилы  көрнісі екені айқындала бастады.

Бүгінгі сабақтан не білдіңіз? Пікіріңіз

Әрі қарай тақырыпты тереңірек оқып, қызықты мәліметпен бөлісу Мысалы: Арақашықтық шкаласын анықтау мәселесі

Оқушылар хабарламасы

стикер

Интернет көздері

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Жұлдыздар жөнінде ақпаратты дәптерге түсіреді

Оқушылардың көпшілігі:

Пікірлерін ортаға салады

Кейбір оқушылар

Өз ойларын дәлелдей алады

сабақ барысында оқушыларды қолдау, қолпаштау

Жетістік критерийлері арқылы

Үлестірме материалдар

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
Пікір жазу