Голографияның даму болашағы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кванттық физика

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мұхамеджан Н

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Голографияның даму болашағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.7.1.7-лазердің әсері мен қолданылуын түсіндіру;

11.7.1.8-голографияның даму перспективаларын талқылау

 Сабақ мақсаттары

  • лазердің құрылымы мен жұмыс істеу принципін және оның ғылым мен техникада қолданылуын түсіндіру;
  • оқушылардың ойлау, салыстыру, жалпылау, талдау, ой-өрісін кеңейту қабілеттерін дамыту

 Бағалау критерийлері

Лазердің құрылымы мен жұмыс істеу принципін түсіндіреді;

Оның ғылым мен техникада қолданылуын атап көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Спонтанды (өздігінен) сәулелену, индукцияланған (еріксіз) сәулелену, когеренттілік, аз ауытқу бұрышы, монохроматтылық

Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер:

“Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation”-

« индукцияланған сәуленің көмегімен жарықты күшейту»

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барысында оқушыларда қалыптасады:

  • дұрыс шешім қабылдау үшін креативті және сыни ойлау
  • ұжымда жұмыс істеу үшін коммуникативтік
  • қоршаған ортаны шынайы көрсету үшін мәдениеттер мен пікірлерге құрмет көрсету, өзін-өзі тану процесін өз бетінше реттеу

 Пәнаралық байланыстар

 

Формулаларды түрлендіре білу (математика);

есептерді шешу кезінде білімді практикада қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Сәулеленуді генерациялаудың үш деңгейлі жүйесінің жұмыс принципі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу мақсатымен танысу.

Экспресс сауалнама

1. Лазер дегеніміз не?

2. Қандай сәулелену спонтанды деп аталады ? Ол когерентті ме?

3. Қандай сәулелену еріксіз деп аталады ?

4. Зат қабаты арқылы өту кезінде жарықтың күшеюі қандай шарт орындалған жағдайда болуы мүмкін ?

5. Затта энергетикалық деңгейлердің инверсиялық қоныстануы қандай шарт орындалған жағдайда болуы мүмкін?

6. Оптикалық кванттық генератор құрылымы қандай?

7. Лазерді өлшеуде, ғылымда, медицинада қолдану бойынша мысалдар келтіріңіз.

ортасы

Жаңа тақырыпты игеру

Голография (грекше holos – барлығы, толық және графия) – толқындардың интерференция құбылысы негізінде нысандардың көлемдік кескіндерін алу тәсілі, толқынды өрістерді тіркеу, соның нәтижесінде әртүрлі физикалық денелерді кескіндеу әдісі.

видео Голография

https://www.youtube.com/watch?v=KRfACNpnlSg

Бұл әдісті 1947 жылы Дэннис Габор ұсынған. Сонымен қатар ол голограмма терминін ғылымға алғаш енгізіп, оны ойлап тапқаны және дамытқаны үшін 1971 жылы физикадан Нобель сыйлығын алған болатын. Голография визуалды ойын-сауықтың болашағын болжайды, өйткені осы уақытқа дейін бұл әдіс үш өлшемді көріністерді бейнелеудің ең перспективті тәсілі болды. Бұл әдіс қарапайым, сіз шынымен үш өлшемді сурет болатын нақты нысанды көре аласыз. Сіз оны айналдыра аласыз, оған барлық жағынан қарай аласыз, сіз ешқандай 3D дисплей технологиясымен мақтана алмайтын қуатты тереңдік бере аласыз.

1962 жылы голограммалардың классикалық схемасын, өткізгіш голограммалардың жазылуын (голограмманы қайта қалпына келтіру кезінде жарықты фотопластинка арқылы жібереді,практика жүзінде жарықтың кейбір бөлігі шағылады,сондай – ақ қарсы бетінен де көрініс пайда болады) Мичиган Техникалық Институтынан шыққан Эммит Лейт пен Юрис Упатниекса ойлап тапқан.

Голографияны қолдану аймақтары

Көркемдік голография:

Өнер туындылары мен музей экспанаттары голографиясы

Архитерлық құрылыс макетінің голограммасы

Портреттер

Синтезделген сюжет

Қорғаныс голографиясы:

Таңбалау (Маркировка )

Өздігінен жабысқыш голографиялық заттаңба

Біріктірілген заттаңба

(полиграфия + голографиялық элемент)

Голограммалар төменде көрсетілген жағдайда таңбалау үшін қолданылады

Аудио/видео кассеталарды және CD

Автобөлшектер мен автохимия

Парфюмдер мен к осметика тауарлары

Алкогольді және алкогольді емес сусындар

Фармацевтикалық өнім

Тамақтану өнімдері: азық – түлік

Қорғаныс голографиясы:

Қорғау (бірінші рет 1984ж )

Өздігінен жабысқыш голографиялық заттаңба

Құжаттарды

Голографиялық ламинаттарда, кітапқа тігілген мұқабасында

Голограммалар жасандылықтан сақтайды

Әртүрлі құжаттар:

ID-карта

төлқұжат

Акционерлік марка

Нотариалды бланктер және т.б.

(G) Топтық жұмыс

Голографияның даму перспективалары туралы шағын хабарды дайындаңыз және талқылаңыз:

  • телевиденияда
  • техникада
  • голографикалық телепортация
  • 3D-голограмма

(W) Презентация

Презентация барысында оқушылар сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоя алады.

соңы

Сабақ соңында "Үшминутты үзіліс" техникасын өткіземіз - мұғалім оқушыларға үшминутты үзіліс береді, ол оқушыларға сабақтың ұғымдарын, идеяларын ойлауға, алдыңғы материалмен, біліммен және тәжірибемен байланыстыруға, сондай-ақ түсініксіз сәттерді анықтауға мүмкіндік береді

- мен өз ойымды өзгерттім …

- мен көбірек білдім …

-мен таңқалдым, себебі …

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырмаларды таңдауда, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын таңдауда көрсетілуі мүмкін(Гарднер).

Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылуы мүмкін.

Бұл бөлімді сабақ кезінде оқушылар үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдістерді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын физминуттар және белсенді әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Рефлексия

Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу