Атом құрылысы. Резерфорд тәжірибесі. Атом ядросы, құрылымы. Ядролық күштер. Физика, 11 сынып, презентация.
Томсон моделі. Резерфордтың тәжірибесі. Атом ядросының өлшемдері. Атом ядросының моделі. Атом ядросының құрамы.
11.8.12-альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфордтың тәжірибесі негізінде атомның планетарлық моделін негіздеу;
11.8.1.13-Бор постулаттарының көмегімен атомның тұрақты өмір сүру жағдайларын түсіндіру
Атомның Томсон моделі
Атомның алғашқы моделін 1903 жылы Дж. Томсон ұсынды. Томсон моделі бойынша атом шар ретінде қарастырылады. Оның оң заряды бүкіл көлемі бойынша біркелкі орналасқан, ал теріс зарядталған электрондар олардың арасында орналасады. Оң зарядтардың қосындысы мен теріс зарядтардың қосындысы тең болғандықтан, атом электрлік бейтарап болады.
Контейнерден шыққан альфа бөлшектер алтын фольга арқылы өтіп әртүрлі бұрыштарға шашырап сцинтилляциялық экранға соғылады. Экран жарық шығарады. Процесті қозғалатын микроскоп көмегімен бақылаймыз.
альфа бөлшектер кіші саңылауы бар арнайы металл контейнерде орналасқан. Кіші саңылау альфа бөлшектердің жіңішке сәуле түрінде шығуын қамтамасыз етеді.
- жабдық ішіндегі ауа вакуумдық сорғыш көмегімен шығарылады; Альфа бөлшектер ауада ≈ 5 см ге дейін өтіп жұтылады.
- алтынды таңдаудың себебінің бірі алтын жұмсақ металл, одан өте жіңішке фольга жасауға болады. Резерфорд тәжірибесінде алтын фольганың қалыңдығы ≈10-6 м (1 мкм) болған.
- альфа бөлшектер сцинттиляциялық материалға соғылғанда материалдан жарық шығады. Әрбір альфа бӛлшектің шығаратын жарығы тіркеліп отырды (Гейгер және Марсден).
- Әртүрлі бұрыштарға шашыраған альфа бөлшектерді бақылау үшін жабдықты айнала қозғалатын детектордан (микроскоп) пайдаланған.
Альфа бөлшектердің шашырауын
Альфа бөлшек (α бөлшек) = Гелий атомының ядросы
α = альфа бөлшек = 2 протон + 2 нейтрон
альфа бөлшек оң зарядқа ие
альфа бөлшектің заряды = 2e; массасы = 4 м.а.б.
Альфа бөлшектердің өте көп бөлігі өзінің бағытын өзгертпейді - демек атомның көп бөлігі бос кеңістік.
Кейбір альфа бөлшектер кіші бұрыштарға шашырайды, шашыраудың себебі өзара тебісу күші - демек атом ішіндегі ядро альфа бөлшек сияқты оң зарядқа ие.
өте аз сандағы α-бөлшектер 90 градустан үлкен бұрыштарға шашырайды – демек атомның дерлік барлық массасы өте кіші көлемде (ядрода) шоғырланған.
Атомның ядролық моделі (Атомның планетарлық моделі)
1911 жылы Эрнест Резерфорд шәкірттері Г.Гейгер және Э.Марсденмен бірге өткізген тәжірибелерінің нәтижелері бойынша атомның ядролық моделін ұсынды.
Бұл модел бойынша атом құрылысы:
Атомның бүкіл оң заряды оның ядросында жинақталған.
Атомның массасы түгел дерлік ядрода шоғырланған.
Ядро өлшемі атом өлшемінен 100000 есе кіші
Атом көлемінің басым бөлігі «бос»
Ядроның маңайында әртүрлі орбиталармен электрондар қозғалып жүреді.
Орбиталардағы электрондардың теріс зарядтарының қосындысы ядроның оң зарядына тең, сондықтан атом электрлік бейтарап.
Атомның құрылысы
Ядро
Электрондық қабықша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру