Магнит өрісінің энергиясы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Нұсқау карта: «Магнит өрісінің энергиясы»
Оқу мақсаттары:
- механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіру;
- контурдың индуктивтілігі пен ток күшін біле отырып, магнит өрісі энергиясын есептеу.
Жетістік критерийлері:
- механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіре алады;
- контурдың индуктивтілігі пен ток күшін білет отырып, магнит өрісі энергиясын есептей алады.
Тапсырма 1:
Тербелістер аналогиясы кестесін толтырыңдар:
уақыт | |||||
Серіппелі маятник | |||||
Жылдамдық | 0 | 0 емес | мах | 0 емес | 0 |
Кинетикалық энергия | |||||
Ығысу | |||||
Потенциалдық энергия | |||||
Толық энергия | |||||
Тербелмелі контур | |||||
Ток күші | 0 | 0 емес | мах | 0 емес | 0 |
Магнит өрісі энергиясы | |||||
Заряд | |||||
Электр өрісі энергиясы | |||||
Толық энергия |
Тапсырма 2:
Физикалық шамалар аналогиясы кестесін толтырыңдар.
Механикалық шама | Электромагниттік шама |
Тапсырма 3:
Есептерді шығарыңдар:
1. Индуктивтілігі L=0,2 Гн соленоид орамы бойымен I=10 А ток жүреді. Соленоидтың магнит өрісі энергиясын W табыңдар.
2. Катушканың (өзекшесіз) индуктивтілігі L= 0,1 мГн. Қандай I ток күшінде магнит өрісі W энергиясы 100 мкДж-ге тең?
3. Соленоидтың N=1000 орамы бар. Орамдағы I ток күші 1 А, соленоидтың көлденең қимасы арқылы өтетін Ф магнит ағыны 0,1 мВб. Энергияны есептеңдер...
4. Темір сақинаға бір қабат болып N=200 орам оралған. Егер ток күші I=2,5 А болғандағы Ф магнит ағыны 0,5 мВб-ге тең болса, магнит өрісі W энергиясын анықтаңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру