Ампер күші жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма 1. Суретте алыс қашықтықтан басқарылатын электромагнитті кілттің схемасы берілген.
Кілт қосылғанда , болат темір фиксатордан шығып оңға қарай жылжып есікті ашады.
(а) кілтті қосылғанда, неге болат темір фиксатордан шығып, оңға қарай соленоидқа жылжитынын түсіндіріңдер
(b) What is the purpose of the spring?
Серіппенің рөлі қандай?
Батарея кернеуі біраз уақыттан кейін 4,5 В –қа дейін төмендейді.
(с) Explain why the lock now may not work correctly.
Неге кілт осы мезетте дұрыс жұмыс істемейді?
Нұсқау карта: «Электромагниттік индукция құбылысы»
Сабақ мақсаттары:
- электромагниттік индукциясы құбылысына жасалынған экспериментін сараптай отыры, магнит ағынының өзгеруіне байланысты электр қозғаушы күшінің пайда болуын түсіндіру;
- электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын түсіндіру және мысалдар келтіру;
Жетістік критерийлері:
- электромагниттік индукциясы құбылысына жасалынған экспериментін сараптай отыры, магнит ағынының өзгеруіне байланысты электр қозғаушы күшінің пайда болуын түсіндіреді;
- электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын түсіндіреді және мысалдар келтіре алады;
Топтарда тапсырмаларды орындау
1-топ тапсырмасы. Өткізгіш контур мен катушкада токтың пайда болу себептерін анықтау.
Құралдар: штатив, өткізгіш сымдары бар катушка , мультиметр, жолақ магнит.
- Құрылғыны суреттегідей жинаңдар:
- Катушка ішіне магнитті оңтүстік полюсімен енгізіңдер. Мультиметр тілшесі қалай қозғалатынына қараңдар. Не көргендеріңді сипаттаңдар.
- Магнитті катушкаға енгізіп ұстап тұрыңдар да,мультиметр токтың бар жоғын көрсете ме, жоқ па соны қараңдар.
- Магнитті катушкадан шығара бастаңдар да, тоқтаңдар.
Мультиметр тілшесі қалай қозғалатынына қараңдар. Көргендеріңді сипаттаңдар.
- Кестені толтырыңдар.
№ | Іс-әрекет | Бақылаулар (тілше қозғалады, немесе нолге қайтып келді?) | Контурдағы ток (бар немесе жоқ) |
1 | Магнитті жақындатамыз және контурға енгіземіз | ||
2 | Магнит контур ішінде тоқтап тұр | ||
3 | Магнитті орам ішінен шығару барсында | ||
4 | Магнитті орамнан шығар аралдында тоқтап тұр. | ||
5 | Магнит орамнан алыстап барады |
- Тәжірибені солтүстік полюс үшін қайталап орындасаңдар не өзгеріссіз қалады, не өзгереді. Өз бақылауларыңды жазыңдар.
Не өзгеріссіз қалады | Не өзгереді |
Ток пайда болу себебі неде деп ойлайсыңдар? Токтың бағытын өзгертетін қандай факторлар?
Зерттеу нәтижелері бойынша баяндама дайындаңдар.
2-топ тапсырмасы. Өткізгіш контур мен катушкада токтың пайда болу себептерін анықтау
Құралдар: штатив, өткізгіш сымдары бар катушка , мультиметр, жолақ магнит.
- Штатив лапкасына магнитті қозғалмайтындай етіп орналастырыңдар .
- Мультиметрді ұзын сымдармен катушкаға жалғағаңдар.
- Катушканы магниттің оңтүстік полюсіне жақындатыңдатып, мультиметр тілшесінің қозғалысын бақылап отырыңдар. Не көргендеріңді жазыңдар?
- Магнитті катушкаға енгізіп ұстап тұрыңдар.Осы жағдайда миллиамперметр ток барын көрсете ме?
- Катушканы магниттен алыстатыңдар. Магнит катушкадан сыртқа шыққанда мультиметр көрсеткішін бақылаңдар.
- Кестені толтырыңдар.
№ | Іс-әрекет | Бақылаулар (стрелка қозғалады, немесе нолге қайтып келді?) | Контурдағы ток (бар немесе жоқ) |
1 | Катушканы магнитке жақындатамыз | ||
2 | Магнит контур ішінде тоқтап тұр | ||
3 | Катушканы магниттен алыстатамыз | ||
4 | Катушка магнит жанында тоқтап тұр. | ||
5 | Катушка магниттен алыстап барады |
- Тәжірибені солтүстік полюс үшін қайталап орындаңдар. Ойланыңдар, не өзгеріссіз қалады, не өзгереді.
Не өзгеріссіз қалады | не өзгереді |
Ток пайда болу себебі неде деп ойлайсыңдар. Токтың бағытын өзгертетін қандай факторлар?
Зерттеу нәтижелері бойынша баяндама дайындаңдар.
3-топ тапсырмасы. Өткізгіш контур мен катушкада токтың пайда болу себептерін анықтау
Құралдар: кілт,ток көзі, штатив, екі катушка , мультиметр, реостат,жалғағыш сымдар.
- Құрылғыларды суреттегідей жинаңдар.
- №1 тізбекке кілтті қосыңдар. №2 тізбектегі мультиметр көрсеткіштерінің өзгерісін бақылаңдар
- Кілтті ажыратыңдар. №2 тізбектегі мультиметр ток күшін көрсете ме?
- Осы тәжірибеде тосын не көруге болады ? №2 тізбекте ток жүру үшін не қажет?
- Кестені толтырыңдар.
№ | Әрекет | №2 тізбектегі мультиметрде бақылаулар (тілше қозғалады, немесе нолге қайтып келді?) | №2 тізбектегі ток (бар немесе жоқ) |
1 | Тізбектегі №1 кілт қосылған кезде | ||
2 | Тізбектегі №1 кілт біршама уақыт қосылып тұрған кезде | ||
3 | Тізбектегі №2 кілт ажыратылған кезде |
6. Тәжірибені қайталаңдар. Кілтті қосу және ажырату барысында мультиметр көрсеткіші немен ерекшеленгендігін бақылаңдар. Қажетті сөздің астын сызыңдар.
Кілтті қосу кезінде | Кілтті ажырату кезінде |
Мультиметр тілшесі оңға, солға ауытқыды | Мультиметр тілшесі оңға, солға ауытқыды |
Ток пайда болу себебі неде деп ойлайсыңдар. Токтың бағытын өзгертетін қандай факторлар?
Зерттеу нәтижелері бойынша баяндама дайындаңдар.
4 -топ тапсырмасы. Өткізгіш контур мен катушкада токтың пайда болу себептерін анықтау.
Құралдар: кілт,ток көзі, штатив, екі катушка , мультиметр, реостат,жалғағыш сымдар.
1.Құрылғыларды суреттегідей қылып жинаңдар.
2.№1 тізбектегі кілтті қосыңдар. №2 тізбектегі мультиметр көрсеткіштерінің өзгерісін бақылаңдар.
3.Реостат жылжытқышын ақырын бұрап өзгертіңдер. Осы кезде тізбекте не өзгереді? №2 тізбектегі мультиметр ток күшін қалай көрсететінін мұқият бақылаңдар.
4. Жылжытқыш бұрамасын бұрауды тоқтат. Мультиметр не көрсетіп тұрғанын қара?
5. Реостат жылжытқышын қарсы жаққа ақырын бұрап өзгертіңдер. №2 тізбектегі мультиметр ток күшін қалай көрсететінін мұқият бақылаңдар.
6. Осы тәжірибеде қандай тосын өзгешілік көруге болады? №2 тізбекте ток жүру үшін не қажет
7. Кестені толтырыңдар.
№ | Іс-әрекет | Бақылаулар (тілше қозғалады, немесе нолге қайтып келді?) | Контурдағы ток (бар немесе жоқ) |
1 | Кілтті қосылған, реостат жылжытқышы қозғалыссыз | ||
2 | Реостат жылжытқышын бір жаққа қарай бұраймыз | ||
3 | Реостат жылжытқышы қозғалыссыз | ||
4 | Реостат жылжытқышын қарсы жаққа қарай бұраймыз |
- Тәжірибені қайталаңдар. Реостат жылжытқышын кезекпен екі жаққа қарай бұрағанда мультиметр стрелкасы өзін қалай ұстайтынындарында қандай айырмашылықтар бар екенін бақылаңдар. Кестеде дұрыс жауаптың астын сыз.
Реостат жылжытқышын бір жаққа қарай бұрағанда | Реостат жылжытқышын қарсы жаққа қарай бұрағанда |
Мультиметр тілшесі оңға, солға ауытқыды | Мультиметр тілшесі оңға, солға ауытқыды |
Ток пайда болу себебі неде деп ойлайсыңдар? Токтың бағытын өзгертетін қандай факторлар?
Зерттеу нәтижелері бойынша баяндама дайындаңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру