Әр түрлі ортадағы электр тогы. Физика, 10 сынып, презентация.


Әр түрлі ортадағы электр тогы

Металл өткізгіштердің жартылай өткізгішті диодтардың және қыздыру шамдарының электрлік сипаттамалары

Физика 10 сынып

Оқу мақсаттары:

10.3.3.1 - әр түрлі ортадағы электр тогының пайда болуының принципін салыстыру;

- тұрақты температурада металл өткізгіштің, жартылай өткізгішті диодтың және қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын түсіндіру және графикалық түрде бейнелеу

Жетістік критерийі

Қарапайым тізбек құрастыра алады

Вольт-амперлік сипаттаманы салыстырып,айырмашылығын анықтайды

Алынған мәліметтерді талдап, вольт-амперлік сипаттама графигін сыза алады.

Пәндік лексика мен терминология

Суретте не бейнеленген?

Токтың бағытын қалай анықтауға болады?

Сурет бойынша екі жағдайдағы өткізгіштің кедергісін талқылау.

Ой қозғау:

Суретті қарапайым электр тізбегі берілген.

Белгісіз шамның кедергісін қалай анықтауға болады?

Бұл заң қалай аталады?

(E/G) Жұптық жұмыс.

Электрлік сипаттамаларды өлшеу үшін қарапайым электр тізбегін құраңыз.

Кедергіге амперметрді жалғаңыз.

Кедергіге волтьметрді жалғаңыз.

Кернеуді әр қадам сайын 2 В өзгерте отырып, ток күшінің мәні амперметр көмегімен анықтап кесте құрыңыз.

Кернеу өзгерсе ток күші қалай өзгереді?

Өлшеу нәтижелері бойынша вольт-амперлік сипатамасының графигін салыңыз

U графиктің кері жағына ауыстырыңыз және тәжірибені қайталаңыз.Бұл I және U үшін теріс мәндер береді.

Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіру

Тәжірибе қорытындысы :

Тұрақты температурадағы металл өткізгіштің вольт-амперметрлік сипаттасы:Ток күші кернеудің мәніне тура пропорционал болғандықтан график түзу сызықты болады. ( Тұрақты температурада металл өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі Ом заңына бағынады)

Электрлік сипаттамаларды өлшеу үшін қарапайым электр тізбегін құраңыз.

Қыздыру шамы амперметрді жалғаңыз.

Қыздыру шамына волтьметрді жалғаңыз.

Кернеуді әр қадам сайын 2 В өзгерте отырып, ток күшінің мәні амперметр көмегімен анықтап кесте құрыңыз.

Кернеу өзгерсе ток күші қалай өзгереді?

Амперметр мен вольтметр өлшеу нәтижелері бойынша вольт-амперлік сипатамасының графигін салыңыз

U графиктің кері жағына ауыстырыңыз және тәжірибені қайталаңыз. Бұл I және U үшін теріс мәндер береді.

Тәжірибе қорытындысы:

Қыздыру шамындағы ток күшінің кернеуге тәуелділігі Ом заңына бағынбайды. Қыздыру шамының температурасы артқан сайын сәйкесінше кедергісіде артады.Нәтижесінде шамдағы ток күші кернеуге тура пропорционал болмайды. Қыздыру шамының вольт- амперлік сипаттамасы төмендегідей нәтиже береді.

Жұптық жұмыс

Электрлік сипаттамаларды өлшеу үшін қарапайым электр тізбегін құраңыз.

Жартылай өткізгішті диодқа амперметрді жалғаңыз.

Жартылай өткізгішті диодқа волтьметрді жалғаңыз.

Кернеуді әр қадам сайын 2 В өзгерте отырып, ток күшінің мәні амперметр көмегімен анықтап кесте құрыңыз.

Кернеу өзгерсе ток күші қалай өзгереді?

Өлшеу нәтижелері бойынша вольт-амперлік сипатамасының графигін салыңыз

 

U графиктің кері жағына ауыстырыңыз және тәжірибені қайталаңыз.Бұл I және U үшін теріс мәндер береді

Тәжірибе қорытындысы:

Жартылай өткізгішті диодта ток күшінің кернеуге тәуелділігі Омдық емес әрекет көрсетеді. Вольт-амперлік сипаттамасы:

Жұптық жұмысты бағалау.

Жұптар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Бағлау критерийлері:

 

Қарапайым электр тізбегін дұрыс құрады

Пайдаланылатын компонент үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік кестесін құра алады.

Кесте бойынша ток күшінің керенуге тәуелділік графигін масштабты сақтай отырып сала алады.

График бойынша қорытынды жасай алады

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Оқу мақсаттары:

- Әр түрлі ортадағы электр тогының пайда болу принциптерін салыстыру;

Тапсырма:

 1. Электроплита 120В-тық кернеумен жұмыс жасайды. Плита сымының кедергісі 80 Ом болса, онда 10 мин ішінде одан қанша жылу мөлшері бөлінетінін есептеңіз.

2. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Рефлексия

нені білдім, нені үйрендім

нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу