«Тұрақты ток» тақырыбын қорытындылау. Физика, 10 сынып, презентация.
«Тұрақты ток» тақырыбын қорытындылау.
Оқу мақсаты:
10.3.2.1 – ЭҚК және ішкі кедергі терминін түсіндіру;
10.3.2.2 – ЭҚК мен сыртқы тізбектегі кернеудің айырмашылығын түсіндіру (энергияға қатысты);
10.3.2.3 – толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталу нәтижесін түсіну;
10.3.2.4 - Тұрмыстық құралдардың жұмысы мен қуатын есептеуге практикалық есептеулер жүргізу;
Сабақтың мақсаты:
ЭКҚ және толық тізбек үшін Ом заңы жөніндегі білімдерін қорытындылау;
- есептеу тапсырмалары, лабораториялық және демонстрациялық тәжірибелер кезінде өз бетімен білімін және практикалық білімін қолдануын тексеру.
Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері.
Теориялық сұрақтарға жауап беру.
Сандық есептер шығару.
Тізбектегі жалпы кедергіні анықтау.
Эскперименттік есептер шығару.
Теориялық сұрақтарға жауап беру.
1. Тұрақты электр тогы деп …………
2. Бөгде күштер дегеніміз не? (мысал келтіріңіз).
3. Толық тізбек үшін Ом заңы формуласы?
4. ЭҚК дегеніміз не? (Формуласы, өлшем бірлігі).
5. Ішкі кедергі дегеніміз не?
Теориялық сұрақтарға жауап беру.
6. Қысқа тұйықталу деген қандай құбылыс?
7. Қысқа тұйықталу кезінде ток неге тәуелді?
8. Электр кедергісі дегеніміз не?
9. Екі өткізгішті тізбектей жалғау кезінде жалпы кедергісін қалай анықтаймыз?
Теориялық сұрақтарға жауап беру.
10. Өткізгіштерді паралеллель жалғау кезінде жалпы кедергіні қалай анықтаймыз?
11. Өткізгіштің кедергісі температураға қалай тәуелді?
12. Электр тогының жұмысын қалай анықтаймыз?
13. Берілген жылудың энергиясын қалай анықтаймыз?
Сандық есептер шығару.
№1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымының массасы қандай? Мыс сымның меншікті кедергісі 1,7*10-8 Ом*м, тығыздығы 8900кг/м3.
Сандық есептер шығару.
№2. Тізбектей қосылған үш шамның кедергілері бірдей. Бұл үш шамның жалпы кедергісі 36 Ом болса, әр шамның кедергісі неге тең?
Сандық есептер шығару.
№3. Ұзындығы 20 м, көлденең қимасының ауданы 1,2мм2 константан сымының ұштарындағы кернеу 40В болса, осы тізбек арқылы өтетін ток күші қандай? Константан сымының меншікті кедергісі 0,48 Ом*мм2/м.
Сандық есептер шығару.
№4. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде 12 ∙ 10-19 электрон өтетін болса, онда өткізгіштің ток күші қандай болғаны. Электрон заряды 1,6 ∙ 10-19 Кл.
Сандық есептер шығару.
№5. 220 В желіге қосылған шам 0,5 минут жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?
Сандық есептер шығару.
Тізбектегі жалпы кедергіні анықтау
Тізбектегі жалпы кедергіні анықтау
Практикалық жұмыс орындау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру