Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3A – ТҰРАҚТЫ ТОК

Мектеп:

Қостанай қ, ФМБ НЗМ

Күні:

08.01 – 12.01.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Толық тізбек үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.2 – Толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны қолдану;

10.4.3.4 – Ток көзінің ішкі кедергісінің сыртқы тізбектегі кернеудің түсуіне әсерін сипаттау;

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңынбіледі;

Оқушылардың көбісі:

Толық тізбек үшін Ом заңын қолдана алады;

Қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Алынған деректерді түсіндіреді;

электр қозғаушы күші ұғымын түсіндіре алады

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Электр тізбегін дұрыс құрады және Ом заңын біледі;
  • Ом заңын есептер шығаруда қолдана аладаы;
  • ЭҚК физикалық мағынасын түсінеді;
  • Толық тізбек үшін Ом заңының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы

Электрический ток

Electricity

Ток күші

Сила тока

current

Кернеу

Напряжение

voltage

Кедергі

Сопротивление

resistance

Ом заңы

Закон Ома

Ohm's Law

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Последовательное соединение проводников

Series connection of conductors

Өткізгіштерді параллель жалғау

Параллельное соединение проводников

Parallel connection of conductors

Ток көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК)

Электродвижущая сила источника тока (ЭДС)

The electromotive force of the power source

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы – электр тогы деп аталады.

Ток күші артқан кезде, кернеу де артады.

Ток күші мен кернеу тура пропорционал.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Өзіне және өзгелерге деген құрмет. Академиялық шындық.

Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу

Электр тогының ҒТР ролін түсіну

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Өмірмен байланыстылығы

Электр тогын тұрмыста және өндірісте қолдану, шамдарды параллель және тізбектей жалғау ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Бастапқы білім

8 сынып: тұрақты электр тогы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-3 мин

10 мин

16-37 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін таныстыру.

  • Білімдерін «True or False» әдісі арқылы тексеру:

өткен тақырып бойынша оқушылардың зейіні арқылы ақиқат пен жалғанды тез анықтау. Оқушылар қолдарына берілген карточкаларының тұжырымға сәйкес мәндері бойынша true – ақиқат және false – жалған көтереді.

  • Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысын айтамыз – F
  • Ток пайда болуы үшін электр өрісінің бар болуы жеткілікті – F
  • Ток күшін өлшеуге арналған құрал тізбекке параллель жалғанады - F
  • Тізбектей жалғау кезінде жалпы - T
  • Тізбек бөлігіндегі 45 мКл зарядты тасымалдау үшін электр өрісі 0,9 Дж жұмыс жасады. Осы кездегі бөліктің кернеуі 20 В болады – T
  • ЭҚК – бөлшекті тасымалдау үшін электр өрісінің атқарған жұмысының зарядқа қатынасымен, ал кернеу – зарядты тасымалдау үшін сыртқы күштердің атқарған жұмысының зарядқа қатынасымен анықталады – F
  • Әрқайсысының кедергісі 50 Ом болатын бес шам параллель жалғанған болса, оладың жалпы кедергісі 10 Ом болады – T
  • Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал - T
  • Ток күші деп - тізбек бөлігіндегі кернеудің өткізгіш кедергісіне қатынасымен анықталатын шаманы айтамыз – F
  • 2-ші өткізгіштің кедергісі 1-ші өткізгіштің кедергісінен артық - F
  • Толық тізбек үшін Ом заңын түсіндіру.

Теориялық мәлімет.

10 сынып Кронгарт оқулығы бойынша, тақтада жазып түсіндіру немесе келесі видео мазмұнынан негіздеп түсіндіруге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=UmO_sWGaOhY

Толық тізбек деп – ток көзі бар немесе ЭҚК-і бар тізбекті айтамыз.

Сыртқы тізбек (ток көзін ескермеуге болатын тізбек бөлігі) өзінің R кедергісімен сипатталады.

Ал ішкі тізбек өзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісімен сипатталады.

  • Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Есептің берілгенін жазады;
  • Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады;
  • ЭҚК-і формуласын жазады;
  • Белгісіз шаманы өрнектейді;
  • Математикалық есептеулер жүргізеді;
  • Жауабын көрсетеді.

Қысқа тұйықталу тогын есептеңдер

Презентация

3 мин

Рефлексия

Үй жұмысы

«Қысқа тұйықталуды болдырмау» ақпараттық ізденіс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспар-лайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша реф-лексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба?

Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз саба-ғыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу