Өткізгіштерді аралас жалғау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары №83

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3В тұрақты ток тізбектері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өткізгіштерді аралас жалғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1. аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

- өткізгіштерді аралас жалғауға зерттеу жүргізеді;

- сапалық тапсырмалар арқылы заңдылықтарды тексереді;

-заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

 Жетістік критерийлері:

 Білу

 Түсіну

 

 Қолдану

 Анализ

 

 Синтез

 

 Бағалау

  • өткізгіштерді аралас жалғауды біледі;
  • аралас жалғау кезінде амперметр мен вольтметрлерді дұрыс жалғауды түсінеді;
  • кедергілердің формуласын есеп шығаруда қолданады;
  • өткізгіштердің аралас жалғаулары берілген түрлі сызбалар бойынша тізбек құрастырады;
  • ток күші мен кернеудің мәндерін тізбектің әр бөлігі үшін және жалпы тізбек үшін өлшейді;
  • есептеулерді қателіксіз дұрыс орындайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Ток күші

amperage

Кернеу

voltage

Амперметр

ampermeter

Вольтметр

voltmeter

Тізбектей жалғану

series connection

Параллель жалғану

parallel connection

Электрлік кедергі

Resistor

Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі

Conductor resistivity

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі тізбектегі өткізгіштердіӊ кедергілерініӊ қосындысына теӊ.

Өткізгіштер параллель жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісініӊ кері шамасы тізбектегі кедергілердіӊ кері шамаларыныӊ қосындысына теӊ.

Құндылықтарды дарыту

 

 

- зерттеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту;

- топта жұмыс істей білуге, сынды құрметпен және байсалды қабылдау дағдыларды дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Математика

  АКТ қолдану дағдылары

BilimLand ресурстарынан «Техникадағы тізбектей және параллель жалғау», сабақ презентация.

Бастапқы білім

Ток күші мен кернеудің анықтамалары мен формуласы; толық тізбек үшін Ом заңы;

өткізгіштердің параллель және тізбектей жалғануы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

10 мин

Сабақтың ортасы

15 мин

7 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) сабаққа оқушылардың психологиялық дайындық жасау;

б) сабақтың мақсат, міндеттерін құру;

в) сабақ барысымен таныстыру;

г) оқу мақсатын айқындап алу

Физическалық диктант Тақтада сұрақтар көрсетіледі ( қосымша 1).

Мұғалімнің әрекеті : сұрақтарды тақтадан көрсетеді

Оқушылардың әрекеті :сұрақтарға жазбаша жауап жазады.

Жазып болған соң оқушылар жанындағы оқушылардың жұмыстарымен ауысады, мұғаліммен бірге дұрыс жауапқа қарап, бірін-бірі тексереді..

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Өткен материалды қайталап еске түсіру (8 сынып)

Мұғалімнің әрекеті: 8 сыныпты қайталауға тапсырма береді, сұрақтар қояды.

Оқушылардың әрекеті: таратпа материалды топта талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді.

Топтық жұмыс ( Қосымша 2) Өткізгіштер параллель және тізбектей жалағана алады.

  • Тізбектей жалғау дегеніміз не? (Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.)
  • Параллель жалғау дегеніміз не?

Мұғалімнің әрекеті : тізбектей жалғанған шамдармен жалғанған тізбекті демонстрациялайды.

Оқушылардың әрекеті : қорытынды жасайды

Мұғалімнің әрекеті: параллель жалғанған шамдармен жалғанған тізбекті демонстрациялайды..

Оқушының әрекеті : қорытынды жасайды

ІІІ. Өткен материалды бекіту.

Есептер шығару.

Аралас жалғау

Мақсаты: өткізгіштердің аралас жалғануын зерттеу.

Оқушылар топқа бірігеді. Әр топқа тапсырма беріледі.

Мұғалімнің әрекеті: топқа тапсырма береді.

Оқушылардың әрекеті: топта тапсырма орындайды, өздерінің жұмыстарының таныстырылымын жасайды.(Қосымша 3)

Бағалау критерийі:

  • Ток күшінің формуласын дұрыс жазады.
  • Кернеудің формуласын дұрыс жазады.

Жалпы кедергінің формуласын дұрыс жазады

https://bilimland.kz/ru#lesson=10803

Презентация

Қосымша 1.

С.Тұяқбаев,Ш.Тынтаева,Ж.Бақынов «Физика есептер жинағы-10»

Сабақтың соңы

Рефлексия жүргізу

  • Бүгін мен ... білдім
  • Маған … қиын болды
  • Мен … түсіндім
  • Мен … үйрендім
  • Мен … жасай алдым
  • Маған … қызық болды
  • Мені … таңғалдырды
  • Мен … жасағым келді.

Үйге тапсырма: § 9.4.

Е.Ж.- № 789, 790, 791

(115-116бет)

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»

9-11сынып арналған ;

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1. Презентация.

  • Тізбектей жалғау дегеніміз не? (Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.)
  • Пареллель жалғау дегеніміз не?
  • Оқушылар тақтадан схема арқылы тапсырмалар орындайды.
  • Ом заңын тұжырымдаңыз.
  • Кестені толтыру. Интерактивті тақтада оқушылар қаламмен кестені толтырады.

Шамалар

Тізбектей

Параллель

Ток күші

Кернеу

Кедергі

Қосымша 2. Топтық жұмыс.

І.Тізбектегі толық кедергінің анықтаңыз. Барлық кедергі өзара тең, 2 Ом.

ІІ. Схема бойынша әрбір резистор арқылы өтетін ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі кернеу 4 В. (1- сурет)

ІІІ. Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңыз.

Қосымша 3.

Деңгейлік есептер шығару: В деңгей

  • Тізбектегі ток күші мен кернеуларді анықтаңыз.. Жауабы: 10 В;10 В;6 В;6 В; 6 В; 8 В; 8 В; 1 А; 0,5 А;1 А; 0,5 А; 1 А; 0,5 А; 1,3 А; 0,67 А.
  • Әр тізбек бөлігі үшін кернеу мен әрбір резистордегі ток күшін анықтаңыз. (5 сурет

Есептің шығарылуы.

Қосымша 1.

1.Тізбектегі толық кедергінің анықтаңыз. Барлық кедергі өзара тең, 2 Ом.

А. R1 кедергінің анықтаймыз. . Rжәне R2  параллель жалғанған, R1 анықтаймыз.

Rж=1 Ом

Б. Rж және Rтізбектей жалғанған , жалпы кедергі R11 =Rж+R 3  

R11= 3 Ом

В. R111 анықтаймыз. R111= R4+ RR111=4 Ом

Г. R1111 мына формула арқылы  

R1111= 1,7 Ом; R11111= R1111 + R6; R1111= 3,7 Ом

Е. R111111 = R7 +R8 +R9

R111111 = 6 Ом

Ж. R1111111

R= 2,3 Ом

Тізбектегі жалпы кедергіні анықтаймыз:  R= R1111111+ R10

R = 4,3 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу