Идеал газ күйінің негізгі теңдеуі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Жұптық жұмыс
- 2 атм қысымда 820 см3 көлемді алып тұрған 2 г азоттың температурасы қандай болғаны?
- 270C температурадағы және 760 мм сын.бағ. қысымдағы 25 л көлемді алып тұрған күкіртті газдың SO2 массасын табу керек
- Биіктігі 5 м, еденінің ауданы 200 м2 аудиторияны толтыратын ауаның массасын табу керек. Ауаның қысымы 750 мм.сын.бағ., бөлме температурасы 170С (бір киломоль ауаның массасы 29 кг/кмоль тең)
- Температурасы 150 С және қысымы 730 мм.сын.бағ. сутегінің тығыздығын табу керек.
Қосымша 2
Жеке жұмыс
- Қысымы 200 кПа, ал температурасы 240 К болғанда көлемі 40 л тең газдағы зат мөлшері қанша? Жауабы: 4 моль
- Температурасы 120С, сыйымдылығы 20 л баллондағы сығылған ауаның массасы 2 кг болса, оның қысымы қандай? Жауабы: 8,2 МПа
- Температурасы 301 К, сыйымдылығы 25 л баллонда массасы 2 г аргоннан (Ar) және 2 г гелийден (He) тұратын газдардың қоспасы бар. Осы қоспаның ыдыстың қабырғаларына түсіретін қысымын анықтаңдар. Жауабы: 100 кПа
- 64 м3 табиғи жанғыш газдың көлемі қалыпты жағдайда көрсетілген деп санап, газдың массасын табыңдар. Табиғи жанғыш газдың мольдік массасын метанның (CH4) мольдік массасына тең деп санаңдар. Жауабы: 45,7 кг
- 200С температурадағы және 100 кПа қысымдағы көлемі 1,45 м3 ауа сұйық күйге айналдырылған. Егер сұйық тығыздығы 861 кг/м3 болса, ол қандай көлем алады? Жауабы: 2 л
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру