Импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 1.4 Сақталу заңдары

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы

Күні:__/___/_______

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары.

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

  • Сандық және сапалық есептер шығару барысында сақталу заңдарын қолдану;

Сабақтың мақсаттары

  • Импульс пен энергияның сақталу заңдарын оқып үйрену;
  • Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстары импульс пен энергияның сақталу заңы тұрғысынан түсіндіру

Бағалау критерийі

 

Оқушы мақсатқа жетеді, егер ...

Білу

«импульс» және «энергия» ұғымдарын біледі;

Қолдану

құбылысты түсіндіру барысында білімдерін қолданады;

Сыни ойлау

экспериментті сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіреді;

Анализ

қоршаған ортада болып жатқан құбылыстары сақталу заңдары тұрғысынан талдайды;

Синтез

экспериметтің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды және жалпылайды

Коммуникативті дағдылар

тақырып бойынша терминдерді пайдаланып құбылыстарды түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

масса, импульс, векторлық жылдамдық, күш, серпімді соқтығысу (соққы), серпімсіз соқтығысу (соққы), кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, серпімді деформация энергиясы.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

  • Мен ойлаймын ...
  • Меніңше (Менің ойымша) ...
  • Мен ... білемін
  • Қай доптың импульсі үлкен?
  • Қалай өзгерді …?
  • Егер ... әрекет етсе, онда ... оның нәтижесінде ...

Закон сохранения

The law of conservation

сақталу заңы

Потенциальная энергия

Potential energy

потенциалдық энергия

Кинетическая энергия

Kinetic energy

кинетикалық энергия

сила

Force

Күш

центр масс

Center of mass

масса центрi

масса

mass

Масса

Импульс

Momentum

Импульс

Векторная скорость

Velocity

векторлық жылдамдық

Упругое столкновение

Elastic collisions

серпімді соқтығысу

Неупругое столкновение

Inelastic collision

серпімсіз соқтығысу

Энергия упругой деформации

Elastic energy due to deformation

серпімді деформацияның энергиясы

Құндылықтар

 

Топпен жұмыс коммуникативті дағдыларды дамытады және бірлесе отырып жұмыс жасауға үйретеді. Ашық сұрақтар мен тапсырмалар сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға көмектеседі

Пәнаралық байланыс

Математика – импульс пен энергияның сақталу заңдарын қортып шығару формуласы

АКТ-ны пайдалану дағдылары

http://www.bilimland.kz/ сайтындағы ресурстарды қолдану

Power Point программасындағы ресурстарды қолдану

 Бастапқы білім

Векторлық жылдамдық және күш ұғымдарын білулері, Ньютон заңдарын түсінулері керек. Оқушылар mgh және ½mv2 формулалары арқылы потенциалдық және кинетикалық энергияларды есептей алулары керек

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тілдік мақсаттарды тексеру арқылы білімдерін өзектендіру.

«Сақталу заңдары» тақырыбы бойынша ағылшынша сөздерді табады. Табылған физикалық шамаларға анықтама береді.

Презентация

1 қосымша

Сабақтың ортасы

15 минут

5 минут

15 минут

5 минут

5 минут

5 минут

10 минут

10 минут

«Энергия түрлері. Энергияның сақталу және түрлену заңдары»

(F) «Сұрақжауап»

1) Механикалық энергия дегеніміз не?

2) Зымыран ұшқан кезде отын энергиясы қандай энергияға түрленеді?

3) Резиналы арқанмен секірген кезде қандай энергия түрленулері болады?

(оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады)

4) Жердің гравитациялық өрісіндегі потенциалдық энергия дегеніміз не?

(оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады)

5) 1-ші мысал

6) 2-ші мысал

7) Кинетикалық энергия дегеніміз не?

(оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады)

8) 3-ші мысал

9) Дененің Ер пен Ек энергиялары қалай байланысқан?

10) 4-ші мысал

11) Механикалық энергияға кедергі күші қалай әсер етеді? Оны энергияның сақталу заңымен қалай байланыстыруға болады?

(G) Стимуляторды орындау арқылы оқушылар білімдерін бекітеді: https://phet.colorado.edu/en/simulation/legacy/energy-skate-park

Скейтбордисттің қозғалысы кезінде қандай энергиялық түрленулер болады?

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

(F) «Импульс» ұғымын түсіндіру

(G) Топпен жұмыс:

Оқушыларға стимуляторды қоланып «серпімді соқтығысу», «серпімсіз соқтығысу», «центрлік соқтығысу», «центрлік емес соқтығысу» түрлерін түсіндіру ұсынылады.

https://phet.colorado.edu/sims/collision-lab/collision-lab_en.html

(F) Импульстің сақталу заңы мен реактивті қозғалыс принципін түсіндіру.

(G) Бекіту үшін және коммуникативті дағдыларын дамыту үшін оқушыларға шағын топтарда кейбір жағдайлардағы сақталу заңдарының пайда болуын түсіндіру ұсынылады.

1) Бильярд ойыны кезінде абсолютті серпімдлі соқтығысу болатынын сақталу заңдары арқылы түсіндіріп беріңіз.

Жауабы: Бильярд ойыны кезінде шарлардың импульстары да, кинетикалық энергиялары да сақталады, сондықтан олардың соқтығысуын абсолютті серпімді деп атауға болады.

2) Автомобильдердің кинетикалық энергиясы қандай түрлерге түрленді? Неліктен бұл әрекеттесу абсолютті серпімсіз деп аталады? Осы жағдайда денелер импульстары сақталады ма?

Жауабы: Кинетикалық энергия дыбыс, жарық, жылу энергияларына түрленеді, сондай-ақ энергияның бір түрі деформацияға жұмсалады. Кинетикалық энергия сақталмайтындықтан, бұл абсолютті серпімсіз соқтығысу.

3) Зымыран мен кальмар, сегізаяқ (осьминог), каракатица, медуза сияқты жануарлардың қозғалыстарында қандай ұқсастық бар?

4) Әбден піскен қиярдың «құтырған» дәніне қол тисе болды, ол күшпен дәні араласқан сұйықты сыртқа қарай лақтырады. Ал қиярдың өзі қарама-қарсы бағытта ұшады. Осы жағдайды импульстің және энергияның сақталу заңдарымен қалай түсіндіруге болады?

5) Герон шарының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

Деңгейлік есептерді шығару

Формативті бағалау

https://bilimland.kz/ru/content/structure/940-physics#lesson=10742

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10751-zakon_soxraneniya_impulsa_i_ehnergii_pri_stolknovenii

http://tap.iop.org/mechanics/momentum/222/file_46467.doc

жұмыртқалардың құлауы бойынша видео:

http://www.youtube.com/watch?v=qKQntlsJ_KQ

кедергімен соқтығысу нәтижелері туралы видео:

http://www.youtube.com/watch?v=d7iYZPp2zYY

деформациға байланысты видео:

http://www.youtube.com/watch?v=zS_Gk7vjmOg

немесе

http://www.youtube.com/watch?v=2EY1fMXpdqQ

Импульстің сақталу заңы бойынша демонстрация:

http://www.youtube.com/watch?v=YlkTBbFikU8

соқтығысуды моделдеу:

http://phet.colorado.edu/sims/collision-lab/collision-lab_en.html

3 қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

  • Мен ... білдім
  • Маған … қиын болды
  • Мен … екенін түсіндім
  • Мен … үйрендім
  • Мен … жасай алдым
  • Маған … қызықты болды
  • Мені … таң қалдырды
  • Менің ... жасағым келеді

Үй тапсырмасы: §12,14 Физика 9 Генденштейн

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа деңгей есептерін шығарғанда барлық оқушылар импульс пен энергия туралы білімдерін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі (қабілеті жоғары оқушылар) күрделі деңгей есептерін шығару барысында сақталу заңдарын, соқтығысу түрлеріне байланысты қорытылып шығарылған формулаларды қолданады.

Бағалау критерийі бойынша өзара және өзіндік бағалау жасау.

Сабақ барысында ауызша бағалау да қолданылуы мүмкін.

Барлық қауіпсіздік ережесі сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу