Гравитациялық өрістегі дененің қозғалысы. Бүкіләлемдік тартылыс күші. Гравитациялық тұрақты. Гравитациялық өрістің кернеулігі. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


Есептер шығару

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

1.Массалары бірдей екі дене 1 м қашықтықта орналасқан. Бір-біріне 1 Н күшпен тартылу үшін олардың массаларының шамасы неге тең болу керек?

2.Айдың бетіне денелер қандай үдеумен түсетінін анықтаңдар, егер Айдың массасы 7,3 ∙ 1022 кг, ал радиусы 1760 км болса.

3.Жер мен Күн арасындағы тартылыс күшін анықтаңдар, егер олардың массалары сәйкесінше 6 ∙ 1024 және 2∙1030 кг, ал олардың арасындағы қашықтық 1,5 • 1011 м болса.

4.Жер бетінен 600 км қашықтықта орналасқан дененің еркін түсу үдеуін анықтаңдар. Жердің радиусы 6400 км.

5.Денелер сфера пішіндес деп есептеп, массалары 60 кг және 50 кг екі дененің арасындағы тартылыс күшін есептеңдер, егер олардың массалар центрі арасындағы қашықтық 1м-ге тең болса.

6.Массалары 10000 т екі кеме қандай күшпен тартылады, егер олардың арасындағы қашықтық 1 км болса?

7.Ай мен Жер арасындағы тартылыс күшін анықтаңдар, егер Жердің массасы 6 ∙ 1024 кг, Айдың массасы 7,3 ∙ 1022 кг және олардың центрлері арасындағы қашықтық 384 000 км болса.

8.100 м қашықтықта орналасқан массалары 100 кг екі дене бір-біріне қандай күшпен тартылады?

9.Массалары 2 кг екі бірдей шарлар, 0,1 м қашықтықта қандай күшпен тартылады?

Дескрипторлар:

  • Барлық физикалық шамаларды есептің берілгеніне ХБЖ айналдырады;
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын жазады;
  • Белгісіз физикалық шаманы қорытады;
  • Математикалық есептеулерді орындайды;
  • Жауабын жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу