Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық. Физика, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары,

акустикалық резонанс, жаңғырық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.5.15 - дыбыс пайда болу және таралу шарттарын анықтау;

9.2.5.16 - дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 – резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолдануына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 – жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 – табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру.

Топтық жұмыс

1-топ. Дыбыс және дыбысты есту үшін қажетті шарттар.

Дыбыс туындауының себептері.

2-топ. Сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау. Дыбыстың сұйықта таралуы.

3-топ. Дыбыстың әр түрлі ортада таралуы. Дыбыстың қатты денеде таралуы.

Есептер шығару

1. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.

2. Ер адамның ең төменгі даусы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.

3. Рояльдің жиілік диапазоны 90Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын анықтаңдар.

4. Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6м, ал периоды 0,006с болса, онда оның жылдамдығы неге тең?

5. Найзағай жарқылынан 6 с өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта болған?

Домбыра құрылысы.

Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.

Статистикалық тепе-теңдік.

Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.

1. Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.

2. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.

3. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.

4. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.

Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.

Дыбыс

Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар.

Инфрадыбыстар

Ультрадыбыстар

Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі

Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады. 1 - кесте

Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы

Мысал келтіру

Дыбыстың денелердің тербелісі арқылы тарауына қарапайым мысал ретінде қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны келтіруге болады.

Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз.

Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.

Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)

1 бел = 10 дБ

Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.

Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндері, дБ

Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

260-1050Гц

дискант

1400Гц

колора

туралық

сопрано

Дыбыстың тағы бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша оның тембірі

Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындар туғызады.

Күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады.

Негізгі тонға обертондар немесе гармоникалар деп аталатын жиіліктер бірге жүреді.

Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол – оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.

Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

VII. Үйге тапсырма

§ 31,32

26 – жаттығу № 4,5



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу