Дене салмағы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Динамика | мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Оқытушының аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дене салмағы. | |||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
| |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар білуі тиіс: дене салмағының өзгеруін есептейді Оқушылардың көпшілігі орындай алады: салмақсыздықты түсіндіреді және есеп шығарады Кейбір оқушылар орындай алады: салмақсыздықты түсіндіреді және күрделі есептер шығарады | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Экспериментті талдау кезінде болжау жасауға және ой қорытуға бейімдеу | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындайды: тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағының өзгеруін сипаттағанда арнайы терминдерді дұрыс қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: байланыс күші, салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ, нормаль қысым күші
| |||||||||||||||
Алдыңғы білім | Салмақ (7 сынып) | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||
0-1 мин | (Т)Ұйымдастыру кезені. Сабақ мақсаттарын белгілеу. | Презентация | ||||||||||||||
1 – 3 | (W) Динамика тарауы бойынша негізгі түсініктерді қайталау. Динамика – денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі. Күш— денелердің әсерлесу мөлшері. Ауырлық күші-Жер тарапынан денеге әрекет ететін тартылыс күші Ньютонның бірінші заңы Ньютонның екінші заңы Ньютонның үшінші заңы
| |||||||||||||||
3-10 мин | (W) Жаңа тақырыпты түсіндіру Күш түрлері – байланыс және өріс күші. Байланыс күші -бұл заттардың арасындағы физикалық байланыста пайдаланатын күш, мысалы, желдің қайыққа немесе аяғымыздың еденге түсірілетін күші. Өріс күші -бұл заттардың арасында ешқандай физикалық байланыссыз арақашықтықта әрекет ететін күш, мысалы, магниттің тартылыс күші. Ауырлық күші - бұл Жер, Ай және басқа денелердің заттарды өзіне тарту күші. Дененің аспаға немесе тірекке әсер ететін күшін салмақ деп атаймыз. Тыныштықтығы дененің салмағы денеге әсер ететін ауырлық күшіне тең Ауырлық күші – гравитациялық өрістің әсері Салмақ – контактты күш, аспада немесе тіректе пайда болған серпімділік күшіне тең. Дене үдемелі жоғары көтерілгенде оның салмағы артады. Дене үдемелі төмен түскенде оның салмағы кемиді. Дене еркін құлаған кезде, яғни а= g болған кезде, дене салмақсыздық күйде болады. | Презентация | ||||||||||||||
10-15 | (D) Дененің үдемелі қозғалысы кезінде салмақтың өзгеруін динамометр мен жүк көмегімен демонстрациялау | Құрал-жабдықтар: Динамометр, 100г жүк | ||||||||||||||
15-30 | (І) Есептер шығару 1. Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеуі а=0,2м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? 2. Массасы 500г допты тік жоғары 0,6 м/с2 үдеумен лақтырсақ онда доптың салмағы неге тең? 3. Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг
| Дидактикалық материал | ||||||||||||||
30-35 мин | (W) Жауаптар бойынша есептер шығаруын талқылау. Жауаптар: 1. 500Н, 2. 5,2Н, 3. 340Н, 4. a)300Н, b)1,5 есе артады, 5. 240Н, 6. 8000Н, 7. 4200Н, 8. 4000Н | |||||||||||||||
35-40мин | Қорытындылау Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қою: Ауырлық күші мен салмақ арасында қандай айырмашылық бар? Дене салмағы үдеу бағытына тәуелді қалай өзгереді? Рефлексия «Үлкен бармақ» әдісі бойынша сабақта алған білім деңгейін бағалауды сұрау. | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту | Бағалау | Пәнаралық байланыс АКТ | ||||||||||||||
Есептер шығару кезінде кейбір оқушыларға көмек беру. | ||||||||||||||||
Рефлексия | ||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? | ||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру